ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2019

МӘСКЕУ БИРЖАСЫМЕН
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

KASE және MOEX арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім 2018 жылдың 10 қазанында жасалды. Осы келісім аясындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары:
- KASE нарықтарында MOEX сауда-саттық және клиринг жүйесін аяқтау және енгізу;
- KASE нарықтарын дамыту, биржалық сауда-саттық көлемін ұлғайту және сауда-саттыққа қатысушылардың шеңберін кеңейту, сондай-ақ биржалық сауда-саттық технологиялары, клиринг, тәуекелдерді басқару, жаңа биржалық құралдарды құру бойынша MOEX тәжірибесін алу;
- валюталық нарықтарды, клирингтік және орталық контрагенттік қызметті реттеуді жетілдіру, сондай-ақ халықаралық стандарттарды ескере отырып, Қазақстан мен Ресейдің қаржы нарықтарын реттеу қағидаттарын жақындату;
- биржа ережелеріне сәйкес KASE және MOEX биржалық нарықтарына сауда-саттыққа қатысушылар мен инвесторлардың өзара рұқсаттамасын қамтамасыз ету, KASE және MOEX биржаларына халықаралық инвесторларды тарту;
- IOSCO қағидаларына негізделген және клирингтік ұйымдарға қойылатын халықаралық талаптарға жауап беретін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс істейтін инфрақұрылымдық клирингілік ұйымды құру.

Сондай-ақ, келісіммен KASE орналастырылған акцияларының 20 % мөлшерінде өз акцияларын сатып алу арқылы, Мәскеу биржасының KASE капиталына қатысуы қарастырылған. Осыған байланысты, 2019 жылдың 29 қаңтарында KASE мен MOEX Биржаның бұрын орналастырылмаған 32,360 акциясын сату туралы мәміле жасасты, нәтижесінде MOEX Биржа капиталындағы үлесі орналастырылған акциялардың 3,32 % құрады.

2019 жыл барысында KASE және MOEX ынтымақтастығының күн тәртібінің негізгі жобасы KASE қор нарығында MOEX сауда- саттық және клиринг жүйесін енгізу болды. Қаңтар айында биржалық сауда-саттық және клиринг жүйесіне арналған бағдарламалық қамтамасыздандыруға Биржаның талаптарын белгілейтін техникалық тапсырмалар келісілді және қол қойылды.

Жыл бойы осы техникалық тапсырманы орындау, сонымен қатар KASE қызметкерлерін осы жүйені эксплуатациялау және әкімшілік ету бойынша оқыту жүргізілді.

Жыл ішінде осы техникалық тапсырманы орындау, сондай-ақ KASE қызметкерлерін осы жүйені пайдалануға және басқаруға оқыту жүргізілді. Сонымен қатар, KASE клиенттерін осы жүйенің мүмкіндіктерімен және ерекшеліктерімен таныстыру бойынша жұмыс жүргізілді

Сонымен қатар, жаңа сауда-клирингілік жүйесін енгізу үшін KASE ішкі құжаттарына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметті реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бастамаланды.

2019 ЖЫЛДЫҢ 03 ЖЕЛТОҚСАНЫНДА

KASE MOEX сауда-клирингілік жүйесін сәтті іске қосты.

Бірінші кезең аясында қор нарығы құралдарының бір бөлігі жаңа сауда- клирингілің жүйеге көшірілді. Іске асырылуы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында күтілетін, екінші кезеңде қор нарығының барлық құралдарды жаңа сауда-клиринг жүйеге көшіру жоспарлануда. ASTS+ іске қосумен қатар, Биржа, сауда-саттықтары жаңа жүйеге өткен қор биржасының қаржы құралдары бойынша орталық контрагент функцияларын орындай бастады (қор нарығында ASTS+ және орталық контрагентті енгізу туралы толық ақпарат 1) және 2) стратегиялық бағыттарға арналған бөлімдерде сипатталған).

2019 жылы KASE мен MOEX арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру аясында тараптар MOEX сауда-саттық жүйесін валюталық және деривативтер нарықтарында сауда-саттықтың техникалық шарттарын дайындау және бекіту бойынша жұмыс жасады.

Бұдан басқа, MOEX биржаға несиелік және нарықтық тәуекелдерді бағалауға, клирингілік қатысушыларына қойылатын талаптарға қатысты кеңес беру қызметтерін ұсынды; инфрақұрылымдық ұйым ретінде нарыққа қатысушыларға мәмілелер жасауға кепілдік беретін ұйым ретінде ОК-ға қойылатын талаптар; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы (AML) қаржы ұйымымен ОК функцияларын жүзеге асыру кезінде қолдану; шетелдік қатысушылар мен инвесторларды тарту.

Биржа 2020-2021 жж. аралығында сауда- саттық және клиринг жүйелеріне жасалған техникалық тапсырмалар негізінде валюта нарығы мен деривативтер нарығын кезең- кезеңімен түрлендіруді аяқтайды. Жаңартылған платформада ОК қызметтерін ұсыну жоспарланған.