ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2019

СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ
АСЫРУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

Есептік жылы KASE келесі үш жылдық кезеңге арналған даму стратегиясын қабылдады. Стратегияны Биржаның Директорлар кеңесі 2019 жылдың 28 мамырында мақұлдады.

Биржаны дамытудың жаңа стратегиясы 2016-2018 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру аясында қол жеткізілген нәтижелерге негізделген, оның аясында Биржа келесі стратегиялық бағыттар бойынша жобаларды іске асырады:
-биржалық нарықты дамыту;
-және оның қызметтерінің клиенттерге бағдарлануын арттыру;
-биржалық бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

2019–2021 жылдарға арналған дамудың жаңа стратегиясын әзірлеу барысында KASE мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарларға, атап айтқанда, инфрақұрылым мен жетілдіруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық қор нарығын дамыту жөніндегі 2018- 2021 жылдарға арналған бірлескен іс-әрекет жоспарының1 негізгі элементтеріне назар аударды, осы жоспармен қор нарығын реттеу және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ MOEX-пен стратегиялық серіктестік шеңберіндегі жобалар қарастырылған.

Стратегияны әзірлеу кезінде Биржаның миссиясы, негізгі мақсаты, негізгі стратегиялық бағыттары мен оларды жүзеге асырудың бойынша міндеттер айқындалды, сонымен қатар стратегияны неғұрлым тиімді іске асыруға бағытталған Биржаның команда ретінде корпоративтік құндылықтары ескерілді.

МИССИЯСЫ:

Қазақстан Республикасының экономикалық өсуіне келесілер арқылы себептесу:

- отандық эмитенттердің қаржыландыруды тартуға арналған құралдардың кең спектрін ұсыну;

- қаржы жүйесінде өтімділікті қайта бөлуге арналған платформаны қамтамасыз ету;

- жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін айқын инвестициялық ортаны ұсыну.

МАҚСАТЫ:

Қазақстанның биржалық кеңістігінде KASE жетекші позициясын сақтап қалу.

(1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылдың 25 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен 2018-2021 жылдарға арналған ұлттық қор нарығын дамыту бойынша жоспарын бекіту туралы" № 32 //http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1800000032

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

ИННОВАЦИЯ, ТҰРАҚТЫЛЫҚ
ЖӘНЕ ӨЗГЕРУГЕ БЕЙІМДЕЛУ

Біз үнемі өзгерістерге бейімделіп, жаңашылдық пен жалпы игілік үшін тұрақтылық қағидаларымен жұмыс жасаймыз

ЖАУАПКЕРШІЛІК,
КӘСІБИЛІК ЖӘНЕ САПА

Біз өз командамыздың кәсібилігін және қызметтердің жоғары сапасын растайтын, шешімдеріміз үшін жауап береміз

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ, АШЫҚТЫҚ
ЖӘНЕ АЙҚЫНДЫҚ

Біз өз серіктестерімізбен, клиенттерімізбен және бір-бірімізбен ашықтық және айқындылық негіздерінде жұмыс істейміз

БОЛАШАҚ ПЕН ДАМУ ҮШІН ҚАМҚОРЛЫҚ

Біз өзіміздің болашағымызды, клиенттеріміз бен қызметкерлерімізді дамыту үшін жағдай жасаймыз

СТРАТЕГИЯЛЫҚ
БАҒЫТТАР МЕН МАҚСАТТАР

1. IT-МОДЕРНИЗАЦИЯ:

  • - сауда-саттық және клиринг жүйелерін кезең-кезеңмен IT-модернизациялау;
  • - сертификатталған нарықтық мәліметтермен алмасу хаттамаларын енгізу;
  • - биржалық нарықтарда сауда-саттықтардың жаңа тәртіптемелерін енгізу.

2. ОРТАЛЫҚ КОНТРАГЕНТ ҚЫЗМЕТТЕРІН ІСКЕ ҚОСУ:

  • - биржада саудаланатын барлық қаржы құралдары бойынша орталық контрагент қызметтерін жүйелі түрде енгізу.

3. БИРЖАЛЫҚ НАРЫҚТЫҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТЕРЕҢДІГІН ҰЛҒАЙТУ:

  • - акциялар нарығындағы өтімділіктің өсуін ынталандыру;
  • - банктік несиеге балама ретінде облигациялар нарығын дамытуды ынталандыру;
  • - халықты қор нарығына инвестициялау үдерісіне тартуды ынталандыру;
  • - институционалдық инвесторлар үшін инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту;
  • - шетелдік қатысушылардың санын көбейту арқылы инвесторлар базасын кеңейту;
  • - сауда-саттық көлемінің ұлғаюы және валюта, ақша және деривативтер нарықтарындағы қаржы құралдар жиынтығының кеңеюі.

4. ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҚАҒИДАЛАРЫМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ:

  • - KASE инвестициялық құнын арттыру;
  • - тәуекелдерді басқарудың, ішкі бақылаудың және аудиттің сапасын арттыру;
  • - KASE қызметінің айқындығын арттыру;
  • - бизнес жүргізудің экологиялық стандарттарын енгізу;
  • - әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.