1 СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ.
IT-МОДЕРНИЗАЦИЯ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР. ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ШАРАЛАРҒА ШОЛУ
KASE тұрақты негізде өзінің инфрақұрылымының сенімділігін арттыру, операциялық тәуекелдерді азайту, жаңа сауда-саттық тәртіптемелері мен қаржы құралдарын әзірлеу, нарықтық ақпаратпен алмасу үшін сертификатталған хаттамаларды енгізу бойынша жұмыс істейді.
ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҢА САУДА-КЛИРИНГІЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ
Есептік жылы KASE Орталық контрагенттің функционалы орнатылған жаңа ASTS+ сауда-клирингілік жүйесін аяқтап, орнатты.
ASTS+ жүйесі MOEX СКЖ негізінде Мәскеу биржасымен стратегиялық серіктестік туралы келісімді іске асыру аясында жасалды. ASTS+ басты артықшылықтарының бірі – несиелік тәуекелдің әртүрлі деңгейлерімен сипатталатын контрагенттермен жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
ASTS+ жүйесі жоғары сенімділікке ие – оның қол жетімділік деңгейі –99,99 %, өңдеу жылдамдығы секундына 30 мың транзакцияны құрайды, ал функционалдылығы – қор нарығының алуан түрлі қаржы құралдарымен сауда-саттық жүргізудің көптеген әдістері мен ережелерін қолдауды қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, ASTS+ жүйесі брокердің клиенттеріне SMA рұқсаттамасы (sponsored market access) арқылы сауда- саттық жүйесіне тікелей өтінімдер жіберуге мүмкіндік береді. Нақты уақыт тәртіптемесінде биржалық сауда-саттыққа қатысушылар арасында мәліметтермен алмасу үшін, халықаралық стандарт болып табылатын, деректерді беруге арналған FIX-хаттамасы қолданылады. FAST хаттамасының негізінде, ақпараттармен алмасу қызметі қаржылық ақпараттың электронды алмасуын оңтайландыруды қамтамасыз етеді, атап айтқанда минималды кідіріспен үлкен көлемде мәліметтерді таратуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, ASTS+ жүйесі жоғары қорғаныс шараларымен, бағдарламалық қамтамасыздандырумен, технологиялық, ұйымдастырушылық және физикалық қорғау шараларымен қамтамасыз етілген.
Қазақстан қор биржасына ASTS+ бейімдеу және оның функционалдығын жетілдіру бойынша жұмыс есептік жылдың төртінші тоқсанында аяқталды. Мамандар мен Биржа мүшелерінің жан-жақты тексерулерінен кейін, жүйенің алғашқы шығарылымы 2019 жылдың 03 желтоқсанында өндірістік эксплуатацияға енгізілді.
ASTS+ сауда-клиринг жүйесінде сауда-саттық өткізу ережелерін, шарттары мен уақыт тәртібін реттейтін ішкі құжаттар күшіне енді.
Сонымен қатар, есептік жыл барысында меншікті және MOEX IT жүйелері үшін серверлік және телекоммуникациялық жабдықтарды жаңарту аяқталды.
Сауда-саттық және клиринг жүйесін жаңарту Биржа қызметінің маңызды қадамы болып табылады және тек Биржа бөлімшелерінің үйлесілген жұмысын ғана емес, осы жүйені пайдаланатын және сауда-саттық, клиринг және есеп айырысу үдерістеріне қатысатын барлық ұйымдардың, соның ішінде Биржа мүшелерін, Орталық депозитарийді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін, реттеуші және сауда-саттық қатысушысы ретінде,, мейлінше қатысуға тартылуын талап етеді. ASTS+ бейімдеу және енгізу бойынша жұмыс барысында Биржа жоғарыда аталған ұйымдармен тығыз жұмыс жасады. Жыл бойы ASTS+ қызметі мен мүмкіндіктері туралы кіріспе презентациялар, кездесулер және жұмыс пікірталастары өткізілді. Биржаның мақсаты барлық мүдделі тұлғаларға ASTS+ туралы толық ақпарат беру және олардың жүйені тестілеуге және оны өндірістік эксплуатацияға дайындауға белсенді қатысуын қамтамасыз ету болды.
Бағалы қағаздар нарығында ASTS+ алғашқы релизін енгізгеннен кейін, KASE екінші шығарылымын енгізуге дайындықты бастады, оның көмегімен бірінші шығарылымға кірмеген барлық қор нарығының қаржы құралдары ASTS+ сауда-саттықтарына жіберілетін болады. Екінші ASTS+ релизі 2020 жылдың бірінші жарты жылдығына жоспарланды.
АҚПАРАТТАРМЕН АЛМАСУДЫҢ
ЖАҢА ХАТТАМАЛАРЫ
Бағалы қағаздардың жекелеген түрлерінің сауда-саттығын ASTS+ жүйесіне ауыстыруға байланысты, Биржа нақты уақыт тәртіптемесінде биржалық сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы деректерді беру үшін жаңа хаттамаға – FAST хаттамасына (FIX Atreded for Streaming) көшті. Осы хаттаманың синтаксисі FIX хабарлама форматына негізделген, бұл қаржылық ақпараттың электронды алмасуын оңтайландыруға көмектеседі және кідіріссіз үлкен көлемде мәліметтерді таратуды қамтамасыз етеді.
FAST хаттамасының айрықша артықшылығы болып табылатын жылдамдық оны төмен жіберілім іркілісін қажет ететін жоғары жылдамдықты сауда жүйелерінде қолдануға мүмкіндік береді.
ИНДЕКСТЕР
МЕН ИНДИКАТОРЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ
Өтеу мерзімі бір аптадан бір жылға дейін валюталық своп операцияларының сауда-саттығы басталуына байланысты, 28 қаңтарда қолданысқа енгізілген своп операцияларының болжамды бағаларын бағалау үшін GG-spread индикативтік көрсеткіштерді анықтау әдістемесі жасалды. Әдістеме KASE ішкі құжаттарына сәйкес, солар бойынша клирингілік қызмет жүзеге асырылатын, валюта нарығының қаржы құралдарының тәуекел параметрлерін есептеу және айқындау үшін қажетті мән ретінде GG-spread индикаторлық көрсеткіштерін айқындау тәртібін белгілейді.
Әдістемеге сәйкес, GG-spread индикативті көрсеткіштері Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілігі мен бірдей мерзімі бар АҚШ қазынашылық міндеттемелерінің кірістілігі арасындағы айырма ретінде есептеледі. Индекс серверін қамтитын, ASTS+ сауда- клиринг жүйесін енгізу аясында KASE индикаторлардың бір бөлігін жаңа серверде есептеуге, соның ішінде осындай есептеуге бейімделген, KASE индексін есептеу әдіснамасына ауыстыру үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Индекс-серверіне бейімделгеннен кейін осы көрсеткіштің математикалық мәні өзгермегендіктен, KASE индекстің сандық серияларын есептеуді жаңа серверге өткізген күннен кейін жалғастырды.