ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2019

4 СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ.
ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҚАҒИДАЛАРЫН ЕНГІЗУ

KASE тұрақты даму саласындағы, соның ішінде листингілік компаниялар арасында ESG бойынша ақпараттардың ашылуын жақсарту, жауапты инвестициялар (PRI) бойынша тренингтер мен семинарлар өткізу және ESG критерийлері бойынша ақпаратты ашу, тұрақты даму қағидаларына сәйкес келетін өнімдерді кеңейту бөлігінде үздік халықаралық тәжірибені басшылыққа алады.

KASE Дүниежүзілік биржалар федерациясы мүшелерінің 39 биржасының бірі, ESG критерийлері негізінде есеп беру әдістемесін тарататын және ESG критерийлерін алға тартатын 48 биржаның бірі.

Тұрақты даму қағидаларын іске асыру аясында KASE тиісті саясатты әзірлеуде, оны жүзеге асыру 2020 жылға жоспарланды.

Заңды тұлға және инфрақұрылымдық ұйым ретінде KASE корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына, бизнестің экологиялық қауіпсіздігі мен әлеуметтік жауапкершілігіне ерекше назар аударады және осы қызметтің аспектілері туралы ақпаратты ашады, оның ішінде осы ақпарат осы есепте ұсынылған ("Корпоративтік есеп" бөлімі).

KASE өз қызметін тиімді басқаруға және оның үздіксіздігін қамтамасыз етуге тырысады.

Биржадағы тәуекелдерді басқару үдерісі превентивті сипатта, бүкіл Биржа бақылауында және басқару органының тікелей қатысуымен жүзеге асырылады. Биржа тәуекелдерді басқару жүйесінің барлық деңгейлері тәуекелдерді басқару үдерісіне қатысатындай етіп, директорлар кеңестерінен бастап, бөлімше мамандарына дейін болатындай етіп, тәуекелдерді басқару жүйесі аясында өзара іс-әрекет моделін құрды. Тәуекелдерді басқару және бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету жүйесі туралы толық ақпарат осы есепте ашылған ("Тәуекелдерді басқару жүйесі" бөлімі).