ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2019

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИРЖАЛЫҚ
ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ҚАТЫСУ

Халықаралық тәжірибені зерделеу және шетелдік эмитенттер мен инвесторлардың отандық қор нарығы туралы хабардарлығын арттыру мақсатында Биржа өз қызметін халықаралық аренада жалғастырады.

Дүниежүзілік биржалар қауымдастығының (WFE), Federation of Euro-Asian Stock Exchanges (FEAS) және ТМД биржаларының халықаралық қауымдастығының (ТМД МАБ) мүшесі бола отырып, Биржа осы ұйымдарға белсенді қатысады.

Биржа WFE қаржы технологиялары, шағын және орта бизнес, дамушы нарықтар және тұрақты даму бойынша жұмыс тобының мүшесі болып табылады. Клирингілік қызметті және орталық контрагенттің функционалын дамыту мәселелерін зерттеу мақсатында, Биржаның қызметкерлері жыл сайынғы “IOMA: WFE’s 36th Clearing & Derivatives Conference 2019” конференциясына (Мумбай, Индия) қатысты.

2019 жылдың маусым айында Цюрих қаласында (Швейцария) Биржа осы бағыттардағы жұмыс жоспарларын жасауға қатысты. 2019 жылғы қазанда WFE мүшелерінің жыл сайынғы конференциясында (Сингапур) Биржа Басқармасының Төрайымы нарықтық өтімділікті бөлу туралы панельдік талқылауға қатысты.

FEAS-ке қатысу аясында Биржа реттеу мәселелері, инвесторлармен қарым- қатынас жүйелері және тұрақты даму бойынша бірқатар жұмыс топтарының құрамына кіреді. 2019 жылдың маусым айында Биржа жыл сайынғы "ConFEAS 2019" конференциясына қатысты (Бухарест, Румыния), онда қаржылық технологиялардың дамуы, тұрақты даму мәселелерінің өсіп келе жатқан рөлі, есеп айырысу инфрақұрылымының дамуы және қор нарығына бөлшек инвесторды тарту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, конференцияда FEAS қатысушы елдер биржаларының кәсіби қатысушылары арасында өткізілген конкурстың нәтижелері жарияланды. Байқау нәтижелері бойынша "Фридом Финанс" АҚ қазақстандық компаниясы FEAS мүше елдердің брокерлер биржаларының арасында бағалы қағаздар нарығында қола жүлдегер атанды.

FEAS-ке белсенді қатысу халықаралық тәжірибені зерделеумен қатар, Биржаның шетелдік биржалармен және олардың қатысушыларымен халықаралық қатынастарын нығайтуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, Биржа қызметкерлері 2019 жыл ішінде FEAS ұйымдастырған бірқатар іс-шараларға қатысты.

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК

2019 жылы Биржа, қашықтықтан мүшелік ету арқылы, KASE қор нарығына шетелдік қатысуды арттыру және шетелдік брокерлік ұйымдар мен инвестициялық банктерді Қазақстан нарығына тарту бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді.

Барлық іс-шаралардың мақсатты аудиториясы активтерді басқару жөніндегі компаниялар, институционалдық инвесторлар және қор биржасының кәсіби қатысушылары болды.

2019 жылдың 11 қыркүйегінде "KASE Day in Tashkent" өтті, оған 60-тан астам адам қатысты. Олардың қатарында Өзбекстанның қор биржасының, өзбек брокерлік компанияларының, Өзбекстанның коммерциялық банктерінің, Қазақстанның ірі компаниялары мен брокерлік компанияларыныңөкілдері бар.

05 және 06 қарашада KASE Day in Minsk және KASE Day in Moscow іс-шаралары болып өтті. Биржаның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, Қазақстанның қаржы нарығындағы негізгі беталыстар, KASE қаржы құралдары мен қызметтері, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері іс-шаралар барысында талқыланған негізгі мәселелер болып табылды. FEAS ұйымдастырған Тегеран қаласында болып өткен “FEAS Onsite Training” "Тошкент" Республикалық қор биржасы мен Иран қор биржасы (Иран Fara Bourse) үшін ұйымдастырылған оқу іс-шарасына KASE қызметкерлері KASE нарықтарына рұқсаттама алу мәселелері бойынша оқыту іс-шарасына қатысты. Биржа ТМД ХБА мәжілістеріне ХБА Кеңесінің және қауымдастықтың жұмыс тобының мүшесі ретінде қатысады. Биржа 2019 жылдың қыркүйегінде Бішкекте (Қырғыз Республикасы) Еуразия орталық депозитарийлері қауымдастығы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Халықаралық биржалары қауымдастығы ұйымдастырған "Қаржы нарықтарындағы интеграциялық үдерістер: Еуразия және жаһандық экономика" конференциясына қатысты. Іс-шара барысында конференцияға қатысушылар қаржы нарықтарындағы интеграция мәселелерін және интеграциялық үдерістердегі қаржы нарығының инфрақұрылымының рөліне қатысты мәселелерді талқылады.

05 желтоқсанда Лондонда KASE Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Citibank N.A. бірлесіп ұйымдастырған “Kazakhstan: Local Markets Development” конференциясы өтті. Іс-шара шетелдік институционалдық инвесторларды қазақстандық қор нарығының әлеуеті және оған қалай қол жеткізуге болатындығы туралы ақпараттандыруға бағытталған. Іс-шара барысында "Қазақстанның макроэкономикалық шолуы және инвестициялық мүмкіндіктері" және "Ұлттық валютадағы құралдар және нарықтық инфрақұрылымды дамыту" тақырыптарында пікірталастар өтті. Конференцияда KASE, Ұлттық банк, Citi, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Clearstream Banking S.A. және Amundi Asset Management өкілдері сөз сөйледі. Спикерлер қатысушыларға Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай және KASE нарықтары, экономиканың нақты секторының инвестициялық әлеуеті, қор және ақша нарықтарының артықшылықтары және Қазақстанның капитал нарығының инфрақұрылымындағы өзгерістер туралы ақпаратпен бөлісті. Талқылау барысында шетелдік капиталдың қазақстандық капитал нарығына қол жетімділігі туралы мәселелер қозғалды.

ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

2019 жылы Биржа Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ биржалық кеңістігін құру және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының трансшекаралық есеп айырысуларды дамыту жобасы бойынша жұмыстар жүргізді.

Биржа ЕАЭО аясындағы келесі құжаттарды әзірлеуге және талқылауға белсенді қатысады: “ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің брокерлері мен дилерлерін басқа мүше мемлекеттердің биржаларында ұйымдастырылған сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы келісім" және "Бағалы қағаздарды орналастыру және айналысқа өзара рұқсат беру туралы келісім". ЕАЭО мүше мемлекеттерде ұйымдастырылған сауда-саттық".

KASE Мәскеудегі Х Биржалық форумға және Сочидегі V Халықаралық FX&MM Форумына қатысты, сонымен қатар ынтымақтастық, KASE технологияларын дамыту және Қазақстан нарығының аспаптық желісін кеңейту және оған Ресейлік қатысушылары үшін рұқсаттама алу мәселелерін талқылау мақсатында, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кәсіби қатысушыларымен дөңгелек үстелдер ұйымдастырды. Өңірлік валютадағы сауданың өтімділігін арттыру бойынша жұмыс аясында KASE Еуразиялық даму банкі ұйымдастырған жұмыс тобына қатысты, ол аймақтағы тікелей валюта айырбастау үлесін ұлғайту бойынша практикалық қадамдарды талқылайды. Атап айтқанда, аймақтың биржаларында осы валютадағы сауда-саттықтың ашылуы, биржалар құрылып, осы валюталармен есеп айырысуды оңтайландыру үшін корреспонденттік желіні дамыту.

Сонымен бірге Биржа жыл сайынғы XIV Халықаралық "Еуразиялық экономикалық интеграция" конференциясына қатысты, онда KASE өкілі спикер ретінде қатысып, теңге-рубль валюталық жұбының өтімділігін арттыру шаралары туралы айтты.

Есептік жылдың мамыр айында KASE "Қазақстандағы Қытай Банкі” Еншілес банкі" АҚ-мен бірлесіп, Қытай Халық банкінің қолдауымен "Тығыз ынтымақтастықтағы сәтті болашақ: Қытай Халық банкінің көмегімен Қазақстан Республикасы мен Қытайдың ұлттық валюталарымен трансшекаралық есеп айырысулар" тақырыбында "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының аумағында конференция өткізді. Шараға Ұлттық банктің, Биржаның, Қытай Халық банкінің, Қытайдың сыртқы сауда орталығының өкілдері және коммерциялық банктердің өкілдері қатысып, спикер ретінде сөз сөйледі. Іс-шарада Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының трансшекаралық есеп айырысуларға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

2019 жылдың жазында Биржа өкілдері Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық Комитетінің Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі қосалқы комитетінің 10-шы отырысына және Қытай Халық банкінің "Халықаралық қаржылық ынтымақтастық" бас кеңсесінің семинарына қатысты.

Қосалқы комитет отырысының нәтижесінде ұлттық валютаны айырбастау көлемі туралы ақпаратпен алмасу, нарықтық мәліметтерді таратудағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі елдегі жобаларды қаржыландыру үшін ұлттық валютада қаржыландыруды тартудағы кедергілерді анықтау және жою шараларын қамтитын іс-шаралар жоспары қабылданды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ

2015 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Қазақстан қор биржасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) "Тұрақты қор биржалары" (Sustainable Stock Exchanges Initiative, UN SSE) бастамасының мүшесі болды. Бастама эмитенттерге ақпаратты ашу үшін ESG стандарттарын басшылыққа алу, сондай-ақ биржалық қызметті тұрақты дамыту және гендерлік теңдік мәселелері бойынша тәжірибе алмасады.

2019 жылдың 07 наурызында Биржа Қазақстандағы "БҰҰ-Әйелдер", Дүниежүзілік Банкпен және Халықаралық Қаржы Корпорациясымен (IFC) UN SSE бастамасы аясында гендерлік теңдікке арналған “Ring the Bell for Gender Equality” рәсімін өткізді. Іс- шара Халықаралық әйелдер күнімен тұспа-тұс келді және гендерлік теңдікті ілгерілетудің, әйелдердің мүмкіндіктері мен экономикалық мүмкіндіктерінің маңыздылығын атап өтуге арналды.

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстандық қор биржасы "БҰҰ- Әйелдер" Құрылымымен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі кезеңге тұрақты даму аясында "Бизнесте әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту қағидалары" атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

2019 жылғы 04 қазанда IOSCO Дүниежүзілік инвесторлар апталығы аясында қор биржасындағы бөлшек инвесторлар арасындағы байқаудың жеңімпазы деп жариялануына орай ұйымдастырылған шарада “Ring the Bell for Financial Literacy” салтанатты рәсімі өтті.