Мазмұны / СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ ЕСЕП / 3 СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ. БИРЖАЛЫҚ НАРЫҚТЫҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТЕРЕҢДІГІН ҰЛҒАЙТУ
3 СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ. БИРЖАЛЫҚ НАРЫҚТЫҢ
ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТЕРЕҢДІГІН ҰЛҒАЙТУ
ЖАҢА ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР
2019 жылы Биржаның валюта нарығында жаңа қаржы құралдарының - өтеу мерзімі бір апта, бір ай, үш ай, алты ай және бір жыл валюталық своптар – сауда- саттықтары басталды.
Қазақстандық теңгемен есеп айырысу мүмкіндіктерін кеңейту аясында сауда күнін ұзарту мақсатында шетелдік және халықаралық қатысушылар 2019 жылдың 01 шілдесінен бастап валюта нарығында өтпелі сессия іске қосылды, нәтижесінде сауда-саттық күні ұзартылды: валюталық сауда-саттықтың уақыты 15:30-дан өзгертіліп Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 17:00-де аяқталатын болды.
Аталмыш регламентпен аукционның максималды ұзақтығы белгіленіп, 7 минутты құрайды. Франкфурттық сауда-саттықтың механизмі мәміленің мүмкін болатын ең үлкен көлемі жасалатын, кесімді бағаны анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкерлер институтын дамыту мақсатында мемлекеттік міндеттемелер бойынша баға белгілеуді жариялау және қолдау шарттары өзгертілді. Нәтижесінде, бағалы қағаздардың осы түрлері бойынша қор нарығында "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ тұлғасында жаңа маркет-мейкер пайда болды.
Деривативтер нарығында мерзімі бір ай фьючерстердің сауда-саттығы ашылды.
Жаңа ASTS+ сауда-клирингілік жүйеге көшу кезінде маркет-мейкерлердің баға белгілеулерін жариялау және қолдау үшін, маркет-мейкерлерге сыйақы түрінде ынталандыру шараларын қарастыратын, қосымша сызба жасалды.
НАРЫҚҚА ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН
ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ
ЭМИТЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН
ІС-ШАРАЛАР
2019 жыл барысында қор нарығының құралдарын қолдану бойынша тоғыз дөңгелек үстел өткізілді. Облыс әкімдіктерінің қолдауымен Қазақстан аймақтарындағы кәсіпкерлер үшін "Қазақстан қор биржасында қаржыландыру тартудың мүмкіндіктері" тақырыбында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Барлығы жеті облыс және Алматы мен Нұр- Сұлтан қалалары қамтылды:
Бұл іс-шараларға компания басшылары, қаржы директорлары және меншік иелері, сондай-ақ "Даму" қорының, "Атамекен" ҰКП және жергілікті атқарушы органдардың аймақтық филиалдарының өкілдері қатысты.
Осымен бірге, 2019 жылы әлеуетті эмитенттер болып табылатын қазақстандық компаниялардың иелері мен басшыларымен қор нарығы құралдарын пайдалану бойынша кеңестер беру бойынша жеке іс-шаралар өткізілді. Мұндай іс-шаралар Алматы қаласында өткізілген көпшілік іс-шараларға басқа қалалардан келген делегаттардың қатысуымен, сонымен қатар аймақтарға жұмыс сапарлары аясында ұйымдастырылды, соның ішінде:
Әлеуетті эмитенттердің қор нарығына қызығушылығын арттыру бойынша жұмыс барысында және инвесторлармен кері байланыс орнату мақсатында, Биржа жыл сайын Қазақстанның ірі қалаларында іскерлік таңғы астар өткізді. 2019 жылы осындай төрт шара өтті:
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
26 ақпанда биржаның қызметкерлері "Даму" Қорымен және "Атамекен" ҰКП бірлесіп компаниялардың иелері мен басқарушылары, даму институттары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін "Қор нарығының негіздері" атты семинарын өткізді.
19 наурызда Биржа алаңында инвесторлармен қарым-қатынас негіздері бойынша "Investor Relations: инвесторлармен тиімді байланыс" атты семинар ұйымдастырылды.
28 маусымда "Uchet.kz" ЖШС компаниясымен бірлесіп, қазақстандық компаниялардың қаржы департаменттері қызметкерлеріне арналған онлайн- вебинар өткізілді.
11 қазанда "Даму" қорының иелері және компания басшылары мен қызметкерлері үшін "Қор нарығының негіздері" атты семинары өтті.
20 желтоқсанда Ішкі аудиторлар институтымен бірлесіп "Корпоративтік басқарудағы ішкі аудиттің рөлі" атты дөңгелек үстел өтті, онда Ішкі аудиторлар институтының өкілдері және ірі компаниялардың ішкі аудитінің өкілдері инновациялар, халықаралық стандарттар және осы қызметтің артықшылықтары туралы әңгіме қозғады.
200 АСТАМ ҚАТЫСУШЫЛАР
Биржаның оқыту-білім беру іс-шараларына қатысты.
ФОРУМДАРҒА, КӨРМЕЛЕРГЕ ЖӘНЕ КОНФЕРЕНЦИТЯЛАРҒА ҚАТЫСУ.
Биржа жыл барысында бес қоғамдық іс-шарада – форумдарда, салалық көрмелерде, тақырыптық конференцияларда – облыс орталықтарында, Алматы және Нұр- Сұлтан қалаларында баяндамалар жасады. Биржа қызметкерлері "KASE - қаржыландыру тартудың платформасы" тақырыбында сөз сөйледі. Осындай іс-шаралардың бірі - 09 сәуірде Атырауда өткен "Атырау Мұнай және Газ" Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі; "Astana Mining & Metallurgy" X тау- металлургиялық конгресі (12 маусым, Нур-Сұлтан); "Mining Week Kazakhstan 2019" тау-кен металлургиялық кешеніне арналған технологиялар мен жабдықтардың 15-ші халықаралық көрмесі (25 маусым, Қарағанды; "Тау- кен металлургиясы және Орталық Азия 2019" Орта Азиялық халықаралық көрмесі (18 қыркүйек, Алматы); "Жетісу Инвест 2019" инвестициялық форумы, "Инвестициялардың тиімділігін арттырудың тиімді құралдары" панельдік сессиясы (04 қазан, Талдықорған).
ЭМИТЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
ШАРАЛАРЫ
Нарыққа қатысушылар, листингілік компаниялар, инвесторлармен және басқа мүдделі тараптармен байланысты жақсарту мақсатында Биржа "Эмитент күні" шараларын өткізеді.
2019 жылы осындай төрт шара өткізілді, оның барысында институционалдық инвесторлар мен акционерлердің биржаның листингілік компанияларының басшыларымен кездесулері өтті.
19 сәуірде Биржа алаңында "KEGOK" АҚ арналған "Эмитент күні" өтті. Компания басшылығы акционерлерге, инвесторларға, нарыққа кәсіби қатысушыларға және бұқаралық ақпарат құралдарына 2018 жылдағы қызметінің нәтижелері, іске асырылуы жоспарланған және Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған перспективалық жобалар туралы хабарлады.
27 маусымда "Эмитент күні" аясында IFC Лондонда орналасқан бас кеңсесінің қазынашылық басқармасы мен IFC Қазақстандағы өкілдігінің басшылары арасында инвесторлармен және Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларымен кездесу өтті.
10 шілдеде "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жоспарлы купондық облигацияларын орналастыру аясында "Эмитент күні" болып өтті, оның барысында банктің Басқарма Төрайымы Л.Е. Ибрагимова әлеуетті инвесторлармен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен кездесті. 05 қыркүйекте "KEGOC" АҚ Басқармасының Төрағасы Б.Т. Қажиевтің инвесторлармен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен интерактивті түрде кездесуі өтті. Қатысушылар рентабельділікті арттырып, компанияны дамыту стратегиясының маңызды сұрақтарына жауап алды.
Инвесторларға арналған
іс-шаралар
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Инвесторлық базаны кеңейту және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Биржа 2019 жылы тұрғындардың кең ауқымды топтарына арналған тегін ағарту іс-шараларын өткізді.
29 мамырда Биржа алаңында "Даму" қорының қолдауымен жергілікті бөлшек инвесторлар үшін "Бағалы қағаздар нарығында қалай сауда жасау керек" атты семинар өтті. Тренинг бағдарламасы аясында "Қаржылық дегустация" интерактивті ойыны өтті.
2019 жылдың 04 қазанында Биржада, "Investor Day in KASE" іс-шарасы аясында, "Ring the Bell for Financial Literacy” сауда-саттық жабу рәсімі және бөлшек инвесторлар арасындағы байқаудың жабылу рәсімі өтті. "Ring the Bell for Financial Literacy" рәсімі – Дүниежүзілік биржалар федерациясының IOSCO (International Organization of Securities Commissions) World Investor Week) Дүниежүзілік инвесторлар апталығы деп аталатын, қаржылық сауаттылықты жоғарылату және халыққа қаржылық қызметтердің барлығына қол жетімді болуына бағытталған, жаһандық бастамасы.
12 қарашада Биржа алаңында қазақстандық университеттердің оқытушылары мен студенттеріне арналған "Қор нарығының негіздері" семинары өтті.
05 желтоқсанда Биржа алаңында "Даму" қорының қолдауымен жергілікті бөлшек инвесторлар үшін "Бағалы қағаздар нарығында қалай сауда жасау керек" тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Биржаның және брокерлік ұйымдардың қызметкерлері сөз сөйледі. Оқыту бағдарламасы аясында "Қаржылық дегустация" интерактивті ойыны өтті.
Қазақстанның жеті аймағында "Қазпочта" АҚ филиалдары мен клиенттері үшін Биржаның өнімдері мен қызметтері туралы семинарлар өткізілді:
Студенттік қоғамдастықтың және басқа да бөлшек инвесторлардың практикалық тәжірибесін қалыптастыру және қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақсатында, Биржа жыл сайын екі конкурс өткізеді: "Биржалық симулятор" және "Бөлшек инвесторлардың байқауы".
Қор биржасындағы бөлшек инвесторлар арасындағы байқау 2019 жылдың 01 қыркүйегі мен 01 қазан аралығында өтті. Жарысқа барлығы KASE мүшелері болып табылатын брокерлік ұйымдардың 454 клиенті қатысты. Байқау барысында оның қатысушылары жалпы сомасы 137 миллион теңгеден асатын 2800-ден астам мәміле жасасты.
"Биржалық симулятор" білім беру жобасы оқу жоспары аясында кәсіби білімдерін, сондай-ақ қор нарығындағы тәжірибелік дағдыларын кеңейтуді қалайтын, қаржы- экономикалық және басқа мамандық студенттері үшін өткізіледі. 2019 жылы оқу-жаттығу сауда-саттықтар 01-30 сәуір аралығында өтті. Жобаға 46 жоғары оқу орнынан 1 167 студент қатысты. Жасалған мәмілелердің жалпы көлемі 5 989,9 теңгеге жетті.
БИРЖА МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН
ІС-ШАРАЛАР
2019 жыл барысында Биржа мүшелерімен 11 кездесу өткізілді. Бұл кездесулерде ASTS+ сауда-клирингілік жүйені және орталық контрагенттің қызметтерін енгізу, сондай-ақ биржалық нарықтарды дамыту және қор биржасындағы үлестік және борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкерлерге арналған бағдарламалар талқыланды.
Атап айтқанда, мемлекеттік бағалы қағаздардың баға белгілеулерін жариялау және қолдау шарттары өзгертілді. Нәтижесінде, қор нарығында "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ тұлғасында осы бағалы қағаздар түрлері бойынша жаңа маркет-мейкер пайда болды.
ASTS+ жүйесіне көшкенде маркет- мейкерлер үшін баға белгілеуді жариялау мен қолдаудың қосымша сызбасы жасалды, ол маркет-мейкерлерге сыйақы төлеу сияқты ынталандыру шараларын қарастырады.
Азия Даму Банкінің мемлекеттік қарызды басқаруды жетілдіру жобасына техникалық қолдау көрсету аясында 2019 жылдың 25 қазанында АДБ сарапшылары мен қор нарығының кәсіби қатысушыларының қатысуымен "Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының ішкі нарығын дамыту келешегі" атты дөңгелек үстел өтті.
KASE ЖЕРГІЛІКТІ НАРЫҚТЫ
АЛҒА ТАРТАТЫН АҚПАРАТТЫҚ АЛАҢ
РЕТІНДЕ
2019 жылы Биржаның беделді және ашық ұйым ретіндегі имиджін сақтау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. Сонымен бірге, KASE брендін құрудың маңызды аспектілерінің бірі – бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу болып қала береді. Баспасөзбен өзара тиімді ынтымақтастығынің негізі – Биржаның тиімділігі мен кәсібилігі.
Жалпы алғанда, 2019 жылы 5 баспасөз конференциясы және 8 брифинг өтті. Биржа Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Орал және Ақтау қалаларында БАҚ өкілдеріне қаржылық ақпаратпен жұмыс бойынша семинарлар өткізді. Қаржылық сауаттылықты арттыру және халықтың инвестициялық мәдениетін арттыру, сондай-ақ Қазақстанның қор нарығын алға тарту аясында KASE басшылығынан 9 сұхбат, бұқаралық ақпарат құралдарында Биржа сарапшыларының пікірлері көрсетілген, 32 мақала жарияланды.
Қазақстандық қор нарығы туралы ақпаратты таратудың тағы бір жолы Atameken Business Channel арнасындағы бірқатар телебағдарламалар болып табылады. Есептік кезеңде Atameken Business Channel “В курсе” күнделікті бағдарламасы шегінде "Қор нарығы. Status Pro" 14 бағдарламасы мен "KASE апталығы" бағдарламасы аясында 106 теледидарлық шығарылымы болды.
KASE туралы жаңалықтарды таратудың ең көп таралған құралы баспасөз хабарламалары болып табылады. 2019 жылы 31 баспасөз мәлімдемелері дайындалып, жарияланды.
KASE Talks ақпараттық платформасы танымалдылыққа ие болып келеді, бұл қаржы нарығын танымал ету мақсатында Биржа 2018 жылы бастаған елге белгілі қаржыгерлердің қатысуымен өтетін көпшілік дәрістерінің сериясы. Есептік кезеңде 8 ашық дәрісі өткізілді. Жыл сайын орта есеппен KASE Talks дәрістеріне 500-ге жуық тыңдаушылар – студенттер, оқытушылар, тәуелсіз сарапшылар және тілшілер келеді.
KASE сауда-клирингілік жүйелерін IT-модернизациялау, сондай-ақ жаңа құралдар мен қызметтерді ілгерілету бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Биржаны дамыту стратегиясы аясында "Биржа мүшелерінің трейдерлік және қазынашылық бөлімшелері қызметкерлерінің кәсіби нетворкингі" атты іс-шара өткізілді.
Сонымен қатар, 2019 жылы Биржа Астана экономикалық форумы және "Қаржы нарығы және Қазақстан экономикасының нақты секторы" конференциясында екі панельдік пікірталас ұйымдастырды.
АНАЛИТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕР
2019 жылдағы жаңа бағыт - нарықтық жағдайға, сауда құрылымына, листингілік компаниялардың қызметіндегі негізгі оқиғаларға тұрақты шолулар болып табылатын, аналитикалық өнімдер әзірленді. KASE апта сайынғы ақпараттық бюллетені, Ақпараттық бюллетень, Салалық есептер KASE сайтында еркін қол жетімді.
04 қаңтардан бастап, Биржаның веб-сайтында "Компаниялармен ақпараттар ашу" бөлімі ашылды. Бұл өнімнің мақсаты - нарыққа қатысушыларды Листинг ережелерімен белгіленген ақпаратты ашу бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде эмитенттер мен бағалы қағаздарды жіберушілердің кірісі туралы құжаттар мен хабарламалар туралы жедел түрде хабардар ету. Жаңадан жарияланған құжаттарға сілтемелердің онлайн тізбегі интернет-сайттың басты бетінде орналастырылған.
НАРЫҚТЫҚ АҚПАРАТТЫ
ІЛГЕРІЛЕТУ
2019 жылы S&P Dow Jones Index аналитикалық компаниясы KASE ақпараттық қызметтеріне жазылды. Нәтижесінде, өз қызметінде биржалық ақпараттарды пайдаланатын компаниялардың саны 26-ға жетті. Осы компаниялардан басқа, Биржаның мәліметтерін, KASE он үш вендорларының, солардың арасында, әлемдік ақпараттық агенттіктер санына кіретін, Bloomberg және Refinitiv ақпараттық агенттіктерінің клиенттері алып отырады. Биржаның интернет-сайты арқылы нақты уақыт тәртіптемесіндегі сауда-саттықты көруге жазылушылардың саны 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша 156 құрады. Биржа ақпараттармен алмасу бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында техникалық инфрақұрылымды жетілдірумен, сонымен қатар жаңа ақпараттық өнімдер мен қызметтерді құрумен үздіксіз айналысады. Сонымен, 2019 жылы Telegram қосымшасындағы @KASEInfoBot ақпараттық боты жаңа функциялармен толықтырылды. Ботты пайдаланушылар саны 4 мыңнан асады, нақты уақыттағы сауда-саттық ақпаратына қосымша, мамандандырылған сауда-саттықтар және олардың нәтижелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми кросс-бағамдары туралы ақпаратты көре алады, сондай-ақ қаржы құралының бағасы белгілі бір деңгейге жеткен кезде хабарландыру алу функциясын қолдана алады.
КІРІСТІЛІК ҚИСЫҒЫН ҚҰРУ. ЖАҢА ӘДІСНАМА
Мемлекеттік борыштың кірістілік қисығы борыштық бағалы қағаздар шығаратын барлық компаниялар үшін, сондай-ақ қарыз нарығының инвесторлары үшін қарыз капиталы құнының негізгі көрсеткіші және негізгі нұсқауы. Қисықты құру және оның репрезентативтігін қамтамасыз ету үшін өтімді мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы қажет. Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк бірнеше жыл бойы нарықтың осы сегментінде өтімділікті қамтамасыз ету үшін күш салып келеді. Ұлттық Банк нарықта инфляциялық таргеттеу тәртіптемесіне өткеннен кейін, пайыздық мөлшерлемелердің тұрақтануы байқалды, бұл қарыз нарығындағы баға белгілеудің ең маңызды проблемаларын жойды және сұраныс пен ұсыныс бағасының сәйкессіздігін азайтты. Сонымен қатар, Ұлттық Банк пайыздық мөлшерлемелерді басқару саясатының бөлігі ретінде артық өтімділікті алу үшін ноталарды үнемі орналастыра бастады. Бұл бізге өтімділікті бір жылға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Нарық қатысушылары осы горизонт бойынша күтулерді қалыптастырды, ал сегмент бойынша кірістілік қисығы бір жылға дейін нарықтық деңгейге жақын болатын күтулерді көрсетті. Алайда, бір жылдан астам кезең ішінде қайталама нарықтағы өтімділік төмен деңгейде қалды. Тиісінше, МБҚ кірістілік қисығын құру әдістемесі жетілдіруді қажет етті.
KASE Ұлттық Банкпен бірлесіп зерттеу жүргізді және Нельсон-Зигель математикалық моделін МБҚ кірістілік қисығын салуға ең қолайлы деп анықтады. Қисықтың әдіснамасы Биржаның "IRIS" ақпараттық жүйесінде жасалды. МБҚ кірістілігі қисығының сынамалы ретроспективті есептеулерін жүргізіп, оны құрудың бағдарламалық кодын оңтайландырғаннан кейін, Биржа жаңа әдіснама негізінде МБҚ кірістілік қисығын құрудың басталғаны туралы, сонымен қатар жаңартылған қисықтың мәліметтерін пайдалана отырып, биржада саудаланатын бағалы қағаздардың нарықтық бағалауы үшін қолданылатыны туралы хабарлады.
2019 жылдың 30 қыркүйегінде жаңа әдіснамамен күнделікті мәліметтерді есептеу басталды және бір ай ішінде KASE нарықтық бағалардың мәндерін бұрынғы әдіснамадан жаңаға ауыстырды. Мұндай амортизация нарықтық бағаның күрт ауытқуын болдырмау және репо нарығындағы кепіл құнына қысым көрсету мақсатында жүргізілді.
Жаңа әдіснама осы мақсатта әлемде қабылданған математикалық аппараттарды қолдану арқылы әзірленді. Әдіснама төмен өтімділік кезеңінде тұрақты нәтижені көрсетеді және ағымдағы конъбнктураны барынша көрсетеді. Қисық сызықты салу кезінде есептеуге кіретін әрбір мәміленің параметрлерінің әсер ету деңгейі оның көлеміне және ұзақтылығына байланысты болады. Аномалиялық баға мәндерін жою үшін әлемде қабылданған статистикалық өңдеу әдістері қолданылады.
04 қарашадан бастап KASE интернет- сайтында кез-келген нарық қатысушысына қисық сызықты өз бетінше шығаруға мүмкіндік беретін кірістілік қисығын құру үшін пайдаланылатын есептеу параметрлерін жариялай бастады.
КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ
Биржаның маңызды мақсаттарының бірі – клиенттердің қанағаттану деңгейін жоғарылату, биржалық қызметтерді бағалаудағы жоғары позицияларды қолдау және оларды жетілдірудің жаңа жолдарын табу. Биржалық қызметтердің сапасын бағалау негізгі бизнес-үдерістер бойынша жыл сайынғы сауалнаманы қарастыратын, клиенттердің Биржаның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін бағалау әдістемесі негізінде жүзеге асырылады. Қанағаттану деңгейін бағалау үшін берілген жауап нұсқалары көрсетілген ашық және жабық сұрақтар пайдаланылады. Соңғы екі жыл ішінде Әдістеме өзін-өзі бағалауға қойылатын талаптармен толықтырылды, ақпараттық қызметтер туралы бөлім, сонымен қатар қызмет тұтынушыларының сыныптарына бөлінген сауалнама мазмұнына өзгерістер енгізілді: Биржа мүшелері, листингілік компаниялар және Биржаның ақпараттық қызметтерін пайдаланушылар.
Сауалнамаға 2019 жылдың нәтижелері бойынша Биржаның 52 мүшесінің 29 (55,8 %), 157 эмитентінің 96 (96,1 %) және Биржаның 184 ақпараттық қызметтерінің 5 (2,71 %) клиенттері қатысты. Соңғылары қатысу үлесінің аздығына байланысты жалпы бағалаудың есебіне қосылмады. Биржа клиенттерінің қанағаттануының жалпы рейтингі 2019 жылдың соңында 93,3 % құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 3,8 % жоғары.
Сауалнама нәтижелері бойынша Биржаның қызметін жақсарту бойынша шаралар кешені анықталды, олар 2020 жылға арналған негізгі міндеттер тізіміне енгізілді.