ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2019

2 СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ. ОРТАЛЫҚ КОНТРАГЕНТ
ҚЫЗМЕТТЕРІН ІСКЕ ҚОСУ

КЛИРИНГІЛІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ОК

Биржалық нарықта орталық контрагенттің функцияларын енгізу, 2012 жылы берілген тиісті лицензияның негізінде Биржа жүзеге асыратын, қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметпен тығыз байланысты.

Биржа клирингке қатысушылармен жасалған мәмілелерді көптарапты есеп айырысу арқылы жүзеге асырады, қаржы құралдары бойынша нетто-талаптар мен нетто-міндеттемелерді анықтайды, олар бойынша ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырады және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу үшін Орталық депозитарийге ақпарат береді, сондай-ақ, Орталық депозитарийге ақша мен бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін жасалған әрбір мәміле бойынша орындалуы тиіс гросс-негізде талаптар мен міндеттемелер туралы ақпаратты ұсынады. Биржа нетто-негізде валюта, акциялар және туынды құралдар нарықтарында және қор нарығының жекелеген құралдары бойынша гросс-негізде клиринг жүргізеді.

KASE клирингілік қатысушылары қандай да бір биржалық нарықта клирингілік қатысушы мәртебесін алу үшін белгіленген талаптарға сай келетін, Биржаның қазіргі мүшелері болып табылады. Жалпы алғанда, 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша Биржаның 29 мүшесі валюта нарығында клирингілік қатысушы мәртебесіне ие болды, Биржаның 42 мүшесі – қор нарығының, ал 16 Биржа мүшесі – деривативтер нарығынығң клирингілік қатысушысы атанды.

Есептік жылдың басында KASE валюталық своп операциялары мен туынды қаржы құралдарын қоса алғанда, валюталық нарықта орталық контрагенттің функцияларын атқара бастады.

Биржа барлық операциялар бойынша ОК функцияларын жүзеге асыра бастаған бірінші нарық – бұл деривативтер нарығы болды. Валюта нарығында Биржа 2018 жылдың қазан айында осы нарықтағы барлық операциялар, соның ішінде своп операциялары бойынша ОК функционалын енгізді.

Валюта нарығында мәмілелер жасауға кепілдік беретін орталық контрагенттің болуы 2019 жылы ұзақ мерзімге (бір аптадан бір жылға дейін) сатылатын құралдардың ауқымын кеңейтуге және своп операциялары бойынша ашық сауда-саттықты жүргізуге мүмкіндік берді. Осы жобаны жүзеге асыру үшін Биржа валюта нарығындағы тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізді, шетел валюталарындағы пайыздық тәуекелдерді есептеу механизмдері, АҚШ долларына болжамды бағаны анықтау әдістері әзірленді және клиринг қатысушыларына маржа кепілінің жеткіліктілігін бақылаудың автоматтандырылған жүйелерінде тиісті жетілдірулер жүргізілді.

Биржа талап еткен шектелім аясында, USDKZT валюталық жұбы бойынша Биржамен, сондай-ақ орталық контрагентпен форвардтық операцияларды жүргізуге өтімділік провайдері болуға дайын екендігі туралы келісімге қол жеткізілді. Нәтижесінде валюта нарығындағы тәуекелдерді басқару жүйесі бір жылға дейінгі своп операциялары бойынша клирингілік қатысушылардың алдындағы міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді.

Сонымен қатар, Биржа биржалық нарықта айналатын шетел валюталарының өтімділік қызметін ұсыну туралы келісімдерге қол қойды: қытай юані бойынша – Алматыдағы Қытайдың сауда-өнеркәсіптік банкімен (ICBC); ресей рублі мен еуро бойынша – Еуразиялық даму банкімен (EABR); еуро бойынша - "Kaspi Bank" АҚ-мен. Келісімдер аясында ICBC, EABR және Kaspi Bank биржаға валюта нарығындағы дефолт жағдайларын шешу үшін көрсетілген валюталардағы өтімділікті беруге дайын. Биржада саудаланатын барлық шетел валюталарында өтімділік провайдерлерінің болуы KASE валюталық нарыққа қатысушылары үшін орталық контрагент ретіндегі сенімділігін едәуір арттырады және биржалық операциялар бойынша есеп айырысулардың уақтылығы мен толықтығының қосымша кепілі болып табылады, бұл валюта нарығының дамуы, оның өтімділігі мен өкілеттілігін және валюталардың биржалық бағамдарының репрезентативтігін арттыруда ерекше маңызды.

ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ ОК

2019 жылы KASE Мәскеу биржасының ASTS+ қор нарығында жаңа сауда- клирингілік жүйені енгізуге, сондай-ақ қор нарығында орталық контрагенттің қызметтерін іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізді.

Жоба бойынша жұмыс барысында Биржа ережелеріне өзгертулер енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Биржаның 17 ішкі құжаттарына өзгерістер енгізілді, үш құжат жаңа редакцияда қабылданды, тоғыз жаңа құжат жасалып, қолданысқа енгізілді.

2019 жылдың 03 желтоқсанында ASTS+ жүйесін енгізу аясында ОК қызметтері іске қосылғаннан кейін, ОК-пен акциялар бойынша сатып алу-сату және репо операциялары, теңгемен есеп айырысатын инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары, сондай-ақ АҚШ долларымен номинацияланған және АҚШ долларымен есептесетін еурооблигациялар мен жаһандық депозиттік қолхаттар бойынша сауда-саттық тәртіптемелері ашылды. ОК функцоналы ОК-пен саудаланатын, теңгемен де, АҚШ долларымен де сатылатын бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша бірыңғай клирингті қолдануға негізделген. ASTS+ нақты уақыт тәртіптемесінде клирингілік қатысушыларға қатысты ОК-пен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерінің орындалуын жоғары деңгейде қамтамасыз ететін, өтінімдер беру деңгейінде клирингілік қатысушылардың алдында кепілдің жеткіліктілігін есептейді, көрсетеді және бақылайды.

Есеп айырысу сессияларында бірыңғай клирингті өткізу сауда-саттыққа дейінгі және сауда-саттықтан кейінгі операцияларды қамтамасыз ететін бірыңғай бағдарламалық кешеннің бөлігі болып табылатын ASTS + -ке байланысты есеп айырысудың Settle CCP бағдарламалық модулін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

ОК-пен жасалған мәмілелер бойынша тәуекелдерді басқару және транзакцияларды бақылау International Risk Monitoring бағдарламалық модулі арқылы жүзеге асырылады, ол клирингілік қатысушыларға кепілдік қамтамасыз етудің жеткіліктілігін, сондай-ақ клирингке қатысушылар ASTS+ өтінімдер беру кезіндегі баға шектелімін бақылау үшін қаржы құралдарының тәуекел- параметрлерін есептеу мен жүктеуді қамтамасыз етеді.

Биржа ОК-сыз AСT сауда-саттық жүйесінде саудаланатын бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша гросс- негізде клиринг жүргізеді.

Нарықтық және өтімділік тәуекелдерін басқару мақсатында Биржаның қор нарығында ОК іске қосу аясында, есеп айырысу міндеттемелер туындаған әрбір қаржы құралының сенімділігі мен өтімділігіне қойылатын талаптар әзірленді. Қаржы құралдарының белгіленген талаптарға сәйкестігі, олармен өткізілген сауда-саттық нәтижесінде туындайтын міндеттемелерді ішінара қамтамасыз ете отырып, сауда-саттыққа жіберілген құралдар тізіміне енгізу шартын анықтайды. Осы тізімге кірмеген қаржы құралдары толық алдын-ала төлем негізінде сатылады (толық қамтуымен).

2019 жылдың 03 желтоқсанынан бастап келесі есеп айырысу ұйымдары қор нарығындағы мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады:
  • - ОК-пен жасалған мәмілелер бойынша
  • - Биржа, Орталық депозитарийде 2019 жылдың 14 қазанында ашылған корреспонденттік шотты қолданумен;
  • - бағалы қағаздармен жасалған барлық мәмілелер бойынша және ОК-сыз – "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ.

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Қор нарығында ОК тәуекелдерді басқару жүйесін ендіру бойынша жұмыстар аясында түрлі тәуекелдерді басқару және бақылау элементтері енгізілді.

Несиелік тәуекелді басқару мақсатында клирингілік қатысушылардың қаржылық жағдайына және олардың Биржаның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келуіне, қор нарығының клирингілік қатысушылардың санаттары анықталды "жартылай қамтылған" және "толық қамтылған", олар клирингілік қатысушының міндеттемелерін қамтамасыз ету әдісін анықтайды, олар ОК-пен бақыланады.

ОК функционалын енгізуге байланысты тек кепілдемені ғана емес, сонымен бірге уақытылы есеп айырысуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ келесі негізгі механизмдерді қамтитын, жайғасымдарды ауыстырудың оперативті рәсімдері жасалды:
  • - теңгемен және АҚШ долларымен есеп айырысатын "Өзін-өзі реттеу" сауда- саттықтәртіптемелері енгізілді, бұл қатысушыға нетто-міндеттемелерді келесі есеп айырысу күніне ауыстыру мақсатында дербес репо операцияларын жасауға мүмкіндік берді;
  • - өз міндеттемелерін уақтылы орындамаған клирингілік қатысушылардың нетто- міндеттемелері Биржа мен осындай қатысушы арасында белгіленген шарттар бойынша репо операцияларын және (немесе) своп операцияларын жасау арқылы реттелетін келесі күні автоматтандырылған ауыстыру рәсімдері енгізілді;

клирингілік қатысушылардың алдындағы нетто-міндеттемелерді орындау мақсатында, Биржаның өз қаражаты есебінен де, автоматтандырылған тәртіптемеде жүзеге асырылатын адал клирингілік қатысушылармен жасалатын мәмілелер арқылы да есеп айырысу әдістемесі жасалды.

Дефолттарды реттеу рәсімдері, шетелдік клирингілік ұйымдар қолданатын, халықаралық есеп айырысу рәсімдеріне сәйкес.

Биржа есептік жылда Бағалы қағаздар бойынша комиссиялардың халықаралық ұйымының (бұдан әрі – IOSCO) келесі қағидаттарына сәйкестігі бойынша Биржа қызметіне өзіндік баға берді:
  • - қаржы нарығының инфрақұрылымдарының негізін қалаушы қағидалар;
  • - қаржылық индикаторларының негізін қалаушы қағидалар.

IOSCO және Төлемдер және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитеті 2012 жылдың 12 сәуірінде жариялаған, "Қаржы нарығы инфрақұрылымының негіз қалаушы қағидалары" қаржы нарығы инфрақұрылымының негізгі қағидаларын құрайды. Бұл қағидалар орталық контрагенттер, сауда-саттық репозиторийлері, орталық депозитарий, бағалы қағаздармен клиринг және есеп айырысу жүйелері, төлем жүйелері ретінде қызмет ететін ұйымдармен орындалуы тиісті ережелерді белгілейді.

Биржа өткізген өзін-өзі бағалаудың нәтижелері бойынша, Биржа қаржы нарығының инфрақұрылымының барлық негізгі қағидаттарына сәйкес келеді және клирингілік қатысушылар мен олардың клиенттеріне әлемдік деңгейдегі қызмет көрсетуге ұмтылатын заманауи клирингілік ұйым болып табылады.

IOSCO 2013 жылдың 17 шілдесіндегі "Қаржылық индикаторларларға арналған негізгі қағидалар", қаржы нарықтарында қолданылатын, индикаторлар үшін қағидалардың негізгі жүйесін құрайды. Бұл қағидалар қаржылық көрсеткіштерге әкімшілік ететін, ұйымдар қаржылық көрсеткіштерді есептеу және қалыптастыру кезінде орындалуы тиісті ережелерді белгілейді.

Қаржы индикаторларының қағидаттарын сәйкестендіру үшін, Биржаның қаржылық индикаторларының әкімшісі ретіндегі ережелер мен бизнес-үдерістердің құрылысын өзгерту бойынша қосымша жұмыс жүргізу қажет.

ІЛЕСПЕ ЖОБАЛАР

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен АҚШ долларына қатысты валюталық своп операциялары бойынша өтпелі және қосымша сауда-саттық сессияларын енгізу жөніндегі бірлескен жобалардың аясында шетел валютасының сауда-саттықтарында төлемдер жүргізу ережелеріне енгізілген өзгерістерге байланысты шетел валютасының сауда- саттықтары бойынша есеп айырысу ережелеріне түзетулер әзірленіп, бекітілді. Жаңартылған регламентте клирингілік қатысушылардың және Биржаның қосымша сауда-саттық сессиясының нәтижелері бойынша төлемдерді жүзеге асыру мерзімдері анықталды (тиісінше 18.30 ALT және 19.00 ALT), және клирингілік қатысушыларға ыңғайлы болу үшін клирингілік қатысушылардың маржалық талаптар бойынша міндеттемелерін орындау мерзімін ALT 19.00 дейін ұзартты. Бағалы қағаздардың жекелеген түрлерінің сауда-саттықтарын ASTS+ жүйесіне ауыстыру және қор нарығына ОК енгізу барысында Биржамен осындай есеп айырысуларды ұйымдастырудың тұжырымдамасы жасалды, Биржаның ақпараттық жүйелерін жетілдіру, сауда-саттық ұйымдастыру, клиринг және ақшалай есеп айырысуды ұйымдастыруды және Биржаның қор нарығында орталық контрагент ретінде қызметін реттейтін, ішкі құжаттарының жобалары әзірленді. "Қор биржасында орталық контрагентпен операциялар бойынша ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру ережелері" атты Биржаның жаңа ішкі құжатының жобасы жасалды.

Биржаның корреспонденттік желісін әртараптандыру мақсатында, 2019 жылдың 11 наурызында Биржа ресей рубліндегі "Ресей Жинақ банкі" КАҚ (Мәскеу) корреспонденттік шотына қоса. Ресей рубліндегі жаңа корреспонденттік шотын ашты. Бұл Биржаның корреспонденттік шоты 2019 жылдың 02 сәуірінен бастап Ресей рублі/теңге валюталық жұбымен биржалық сауда-саттық бойынша есеп айырысулар үшін табысты жұмыс істеп келеді.