ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2019

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ

АКТИВТЕР

22 сурет. Активтердің 5 жылдағы динамикасы, млрд теңге

2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Биржаның активтері2 өткен жылмен салыстырғанда 37,7 % (19 457,3 млн. теңге) артып, 71 041,1 млн. теңгені құрады.

Активтердің едәуір өсуі 2018 жылдан бастап Биржаның орталық контрагент ретінде қызмет етуіне және 2019 жылдың 03 желтоқсанынан бастап қор нарығындағы бірқатар бағалы қағаздар бойынша қызметінің кеңеюіне байланысты болды. Жылдың қорытындылары бойынша Биржаның орталық контрагент ретіндегі активтері 961,9 млн. теңгені, қор нарығында (кері репо операциялары бойынша) 25 321,7 млн. теңгені құрады.

Ақша және оның баламалары 20261,9 млн. теңгені құрады, амортизацияланған құны бойынша есептелген қаржылық активтер 18 770,5 млн. теңгені құрады және негізінен клирингілік қатысушылардың кепілдік жарналары мен маржалық қамтуларының есебінен құрылды.

МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН КАПИТАЛ

Биржаның міндеттемелерінің жалпы сомасы 16 969,1 млн. теңгеге артып, 59 641,0 млн. теңгені құрады, оның 55,1 % (32 857,0 млн. теңге) клирингілік қатысушылардың қаражаты (кепілдік жарналар мен маржалық қамту), 42,5 % (25 321,7 млн. теңге) Орталық контрагенттің қор нарығындағы репо операциялары бойынша міндеттемелерін құрайды және 1,6 % (961,9 млн. теңге) Орталық контрагенттің валюта нарығындағы міндеттемелері болып табылады.

Биржаның меншікті капиталы есептік жылда бөлінбеген пайдада көрсетілген таза кіріс есебінен 27,9 % -ға (2 488,2 млн. теңгеге) 11 400,1 млн. теңгеге дейін өсті. Пассивтер құрылымындағы меншікті капиталдың үлесі 16,0 % құрады.

Биржаның жарғылық капиталының мөлшері 12,5 %-ға (295,5 млн.теңге) өсті және 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру аясында KASE акцияларын Мәскеу биржасына сату жөніндегі мәміле нәтижесінде 2661,8 млн. теңгені құрады.

Клирингілік сақтық қорлар 2018 жылғы деңгейде қалып, 1 750 млн. теңгені құрады.

Негізгі құралдарды қайта бағалау резервтері қайта бағалау сомасының амортизациясы есебінен 0,4 млн. теңгеге төмендеп, 179,5 млн. теңгені құрады.

23 сурет. Рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері

КІРІСТЕР

2019 жылдың қорытындылары бойынша Биржаның кірісі 4 284,5 млн. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1203,6 млн.теңгеге немесе 39.1 % жоғары. Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер 2474,9 млн. теңгені құрап, 114,1 млн. теңгеге немесе 4,8 % өсті. Пайыздық кірістер 1 035,3 млн. теңгеге немесе 154,1 % -ға өсіп, 1 706,9 млн. теңгені құрады, соның ішінде клирингілік қатысушылардың Биржаның кепілдік немесе сақтық қорларына аударылған ақшаларын, маржалық жарналары мен ақшаларын инвестициялаудан түскен кірістер 958,7 млн. теңгені құрады. Пайыздық кірістің өсуі инвестицияланған қаражаттың ұлғаюына байланысты болды.

Биржаның пайыздық кірісі Биржаның орталық контрагент функцияларын жүзеге асыру аясында 31,3 млн. теңге сомасына кері репо операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістерді көрсетеді. Биржаның қызметтері бойынша кірісінің құрылымындағы ең үлкен үлес комиссиялық алымдарға (41,0 %), листингілік алымдарға (29,4 %) және мүшелік жарналарға (10,5 %) келеді.

Мүшелік жарналардан түсетін кірістер 2018 жылмен салыстырғанда 81,4 млн. теңгеге немесе 23,9 % -ға төмендеп, 259,1 млн. теңгені құрады, бұл 2018-2019 жж. Банктердің бірігуіне және нәтижесінде "валюта" және "қор" санаттары бойынша Биржа мүшелерінің санының азаюына байланысты болды.

Биржаның листингілік алымдары 2019 жылы 8,9 млн. теңгеге немесе 1,2 %-ға өсіп, 727,1 млн. теңге деңгейіне жетті. Бұл өсім бағалы қағаздар шығарылымы көлемінің ұлғаюы және Биржаның капиталдандыруының артуымен байланысты.

Биржаның комиссиялық алымдары 20,1 млн. теңгеге немесе 2,0 % артып, 1 013,8 млн. теңгені құрады. Көрсетілген өсу мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялардың қарқындауымен және ХҚҰ-ның қарыз нарығына шығумен байланысты.

Биржаның клирингілік алымдары 166,2 млн. теңгеге немесе 3,2 еседен астамға өсіп, 239,6 млн.теңгені құрады, бұл биржаның орталық контрагент функциясын атқаруы және 2018 жылдың соңында валюта нарығында клирингілік алымдардың пайда болуымен байланысты.

Ақпараттық қызметтерді көрсетуден түскен кіріс 2019 жылы 0,9 млн. теңгеге немесе 0,5 % -ға төмендеді және 202,9 млн. теңгені құрады. Бұл төмендеу биржалық ақпарат алушылар санының азаюымен байланысты.

24 сурет. Негізгі қызметтер бойынша кірістің құрылымы

ШЫҒЫНДАР

Жыл қорытындылары бойынша биржаның шығындары 1 870,0 млн. теңгені құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 68,6 млн. теңгеге немесе 3,5 % -ға азайды. Бұл төмендеу негізінен қызметкерлер шығындарының, маркетингілік шығыстардың және тиісті салықтардың төмендеуіне байланысты.

Биржаның 31,3 млн. теңге сомасындағы шығыстары Биржаның орталық контрагент функциялары аясында репо операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстарды көрсетеді.

Биржаның шығындар құрылымындағы ең үлкен үлесті кадрлық шығындар (63,2 %) және тозу мен амортизация (6,7 %) алады.

БИРЖАНЫҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

2019 жылдың қорытындысы бойынша биржаның таза пайдасы 2 192,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың нәтижесінен 127,1 % жоғары. EBITDA 99,2 %-ға артып, 2,539,0 млн. теңгені құрады. Биржаның операциялық кірісі 39,1 % өсті, бұл ретте операциялық шығыстар 3,5 % төмендеді, операциялық маржа3 алдыңғы жылдағы 37,1 % -бен салыстырғанда 2019 жылы 56,4 % дейін өсті. Таза пайданың маржасы4 бір жыл бұрынғы көрсеткіші – 31,3 % -бен салыстырғанда 2019 жылы 51,2 %-ға өсті. Капиталдың рентабельділігі (ROE) 2019 жылы 11,4 %-дан 21,6 % -ға дейін өсті. Активтердің рентабельділігі (ROA) таза пайданың едәуір өсуі нәтижесінде 3,1 % –дан 3,6 % -ға дейін өсті.

25 сурет. Операциялық қызметтің негізгі көрсеткіштері