ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2019

КОРПОРАТИВТІК
БАСҚАРУ

АКЦИОНЕРЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша Биржаның жарияланған акцияларының жалпы саны 5 миллионды құрады, оның ішінде 974,373 акция орналастырылған, 13 329 акцияны Биржа кері сатып алды, 58 тұлға Биржаның акционерлері болды, оның ішінде банктер, брокерлік ұйымдар, бөлшек инвесторлар – жеке тұлғалар. Ұлттық Банк Биржаның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 49,108 % үлесіне иелік етті.

Есептік жылда KASE акционерлерінің құрамындағы басты өзгеріс – олардың құрамына "Мәскеу биржасы" КАҚ қосылуы және басқа акционерлердің Биржа капиталындағы үлестерінің пропорционалды төмендеуі болды.

2018 жылдың қазан айында KASE мен MOEX жасаған Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімнің орындалуы аясында, бұрын орналастырылмаған 32,360 акцияны MOEX сатып алды. Нәтижесінде, акционерлер төлеген KASE акцияларының жалпы саны 974,373 акцияға жетті, ал KASE капиталындағы MOEX қатысу үлесі 3,32 % құрады. Бұл мәміле 2019 жылдың қаңтарында жүзеге асырылды.

АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысы Биржаның жоғарғы басқару органы болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне кіретін мәселелер тізбесі "Акционерлік қоғамдар туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен және Биржаның жарғысымен анықталады. 2019 жылы Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында Биржаның жарғысына (Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескерумен) және Директорлар кеңесі туралы қағидаға түзетулер енгізілді (Директорлар кеңесі мүшелігіне үміткерлерге қойылатын талаптар және Кеңес мүшелігіне кандидаттар туралы ақпарат беру ережелері мен тәртібі бекітілді).

26 сурет. Акционерлердің құрылымы

KASE ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

Директорлар кеңесі - "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және / немесе Биржаның жарғысымен Биржаның акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне кіретін жағдайларды қоспағанда, Биржаның қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асыратын, Биржаның басқару органы.

Директорлар кеңесі туралы ережеге сәйкес, 2019 жылы KASE Директорлар кеңесінің отырыстары тұрақты негізде өткізілді. Қажет болған жағдайда Директорлар кеңесі кезектен тыс отырыстар өткізді.

Есептік кезеңде Директорлар кеңесінің отырыстарында, оның құзыретіне жатқызылған, Биржа қызметінің стратегиялық және ағымдағы мәселелері қаралды. Мәселелер тізімі және олар бойынша шешімдер Директорлар кеңесі отырыстарының тиісті хаттамаларында және оның мүшелерінің сырттай дауыс беруімен қабылданған шешімдерде көрсетілген.

Есептік кезеңде Биржаның Директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес, сырттай 20 отырыс және Директорлар кеңесі мүшелерінің 32 сырттай дауыс беруін өткізді, Биржаның ішкі қызметін реттейтін, 52 құжатын қарады және Биржаның қолданыстағы ішкі құжаттарына енгізілген түзетулерді мақұлдады.

Биржаның директорлар кеңесінің құрамы 2018 жылдың 30 мамырында акционерлердің жалпы жиналысымен қалыптастырылды:
- директорлар кеңесінің үш сайланбайтын мүшесі (уәкілетті орган және иесі "алтын акция" ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екі өкілі және Биржа Басқармасының Төрағасы лауазымы бойынша);
- биржаның үш тәуелсіз директоры;
- биржа акционерлерінің үш өкілі

2019 жыл барысында, "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде кіретін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері, өзгерді, нақтырақ айтсақ, 2019 жылғы сәуірден бастап Ұлттық Банк Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Біртанов Есжан Амантайұлын және 2019 жылғы сәуірден бастап Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Сердюк Иван Вячеславовичті Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің құрамының тұрақты мүшесі болып анықтады, аталған күнге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өкілі ретінде Директорлар кеңесінің құрамына Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Жанат Бостанұлы Құрманов және Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Әділ Мұхамеджанов кірген болатын.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ:

Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңына сәйкес уәкілетті органның өкілдері

2019 жылдың 01 қаңтарынан 03 наурызына дейін

ҚҰРМАНОВ ЖАНАТ БОСТАНҰЛЫ

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары 2019 жылдың 09 сәуірінен 31 желтоқсанына дейін

БІРТАНОВ ЕСЖАН АМАНТАЙҰЛЫ

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары 2019 жылдың 01 қаңтарынан 03 наурызына дейін

АЛДАМБЕРГЕН АЛИНА ӨТЕМІСҚЫЗЫ

KASE Басқармасының Төрайымы

Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңына сәйкес, басқару органының сайланатын мүшелері

МҰХАМЕДЖАНОВ ӘДІЛ НҰРЛАНҰЛЫ

Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары 2019 жылдың 13 мамырынан 31 желтоқсанына дейін

СЕРДЮК ИВАН ВЯЧЕСЛАВОВИЧ

Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Биржа жарғысының негізінде атқарушы органның жетекшісі

ӘБДІРАЗАҚОВ ЕЛДАР СОВЕТҰЛЫ

”Сентрас Секьюритиз” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

ТАШМЕТОВ МИРЛАН ЖАПАРБЕКҰЛЫ

KASE тәуелсіз директоры

АЮПОВ ТАЛҒАТ ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ

”Halyk Finance” АҚ Басқармасының Төрағасы

КЫШПАНАКОВ ВИКТОР АЛЕКСЕЕВИЧ

"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – ”BCC Invest” Басқармасы Төрағасының орынбасары

МАРИЧ ИГОРЬ ЛЕОНИДОВИЧ

KASE тәуелсіз директоры

"Мәскеу биржасы ММВБ-РТС" КАҚ Басқарма мүшесі, Ақша және мерзімдік нарықтар бойынша басқарушы директор

ДАМИТОВ ҚАДЫРЖАН КАБДӨШҰЛЫ

KASE тәуелсіз директоры

Директорлар кеңесінің мүшесі – "Бірыңғай зейнетақы қоры" АҚ тәуелсіз директоры

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КОМИТЕТТЕРІ

Биржада маңызды мәселелерді қарастыру және Директорлар кеңесіне ұсыныстар дайындау үшін Биржада келесі Директорлар кеңесінің комитеттері мен Биржаның комиссиялары жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңына сәйкес:
- директорлар кеңесінің бюджет және стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті;
- директорлар кеңесінің ішкі аудит бойынша комитеті;
- директорлар кеңесінің мамандар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер бойынша комитеті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген, сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптарға сәйкес, Биржада қызмет етеді:
- листингілік комиссия;
- директорлар кеңесінің эмитенттердің қаржылық есеп берушілі мен аудиті жөніндегі комитет.

Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Даулар мен келіспеушіліктерді шешу тәртібіне сәйкес, Директорлар кеңесінің қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде дауларды және жанжалдарды шешу жөніндегі комиссия Директорлар кеңесінің комитеттері мен Биржа комиссияларын құру және олардың жұмыс тәртібі, олардың саны, сондай-ақ олардың құзыреті, функциялары және сандық құрамы, Директорлар кеңесі бекіткен, қоғамның ішкі құжаттарымен реттеледі.

2019жылы өткізілді:
- биржаның Директорлар кеңесінің бюджет және стратегиялық жоспарлау комитетінің 14 отырысы;
- биржаның Директорлар кеңесінің мамандар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің
- 7 отырысы;
- биржаның Директорлар кеңесінің ішкі аудит бойынша комитетінің 10 отырысы;
- листингілік комиссияның 11 отырысы, сондай-ақ осы комиссяның 13 сырттай дауыс беруі;
- эмитенттердің қаржылық есеп берушілігі мен аудиті жөніндегі комитеттің 4 отырысы.

2019 жыл барысында Биржаның Директорлар кеңесінің Бюджеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің құрамына сарапшы ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі қосылды.

Директорлар кеңесі Биржаның корпоративтік басқару кодексінде, Биржаның жарғысында, сонымен қатар, Директорлар кеңесі туралы ережеде белгіленген мақсаттарға міндеттерге және функционалдық міндеттерге толығымен сәйкес келді, бұл, сондай-ақ, Биржаның 2019 жылдағы оң қаржылық нәтижелерінде көрініс тапты.

БИРЖА БАСҚАРМАСЫ

Басқарма Биржаның алқалы атқарушы органы болып табылады және "Акционерлік қоғамдар туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен және Биржа жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысының және/немесе Биржаның Директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне кіретін мәселелерді қоспағанда, Биржаның ағымдағы қызметін басқарады.

Биржалық кеңестің 2017 жылдың 20 шілдесіндегі шешімімен, KASE Басқармасы мүшелерінің өкілеттіктері 2020 жылдың шілдесіне дейін ұзартылды.

Биржа Басқармасының құрамы:

Алдамберген Алина Өтемісқызы – басқарма Төрайымы;

Сабитов Идель Марсильевич – басқарма Төрайымының орынбасары;

Хорошевская Наталья Юрьевна – басқарма Төрайымының орынбасары;

Цалюк Андрей Юрьевич – басқарма Төрайымының орынбасары;

Турмагамбетов Кайрат Жумабекович – басқарма мүшесі, бизнесті дамыту өніндегі басқарушы директор.