ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2019

ІШКІ
АУДИТ

Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі - ІАҚ) миссиясы - тәуекелдерге негізделген көзқарас негізінде объективті ішкі аудиторлық тексерулер жүргізу, ұсыныстар беру және біліммен алмасу арқылы Биржаның құнын сақтау және арттыру болып табылады.

ІАҚ Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады және өз қызметін, Дүниежүзілік ішкі аудит институты ұсынған, ішкі аудиттің кәсіби практикасының халықаралық қағидаттарына сәйкес құруға тырысады.

Ішкі аудиттің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін ІАҚ тікелей Директорлар кеңесіне, оның жанындағы Аудит жөніндегі комитетке бағынады және өз жұмысы туралы оларға үнемі есеп беріп отырады.

Қызмет корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің тиімділігін, жүйелермен қамтамасыз ету тұрғысынан Биржаның операциялық қызметін бағалайды:
- биржа қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, жарғының, ішкі құжаттарының, Биржа шешімдерінің талаптарына сай болуы;
- биржаның стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуі;
- биржа дамуы мен жұмыстары жөніндегі жоспарларын іске асыру аясында, Биржа қызметінің нәтижелілігі;
- биржаның қаржы-шауруашылық қызметі туралы ақапараттың растылығы пен бүтіндікті;
- биржа активтерінің сақталуы;
- ақпараттық жүйелер, үдерістер мен рәсімдердің сапалы жұмыс істеуі, Биржаның ұйымдастырушылық құрылымы, олардың қолданылатын стандарттар мен "озық тәжірибелерге" сәйкестігі, Биржаның қызметін қолдау және мақсаттарына жету үшін ресурстардың жеткіліктілігі;
- биржа ақпараттық активтерінің қауіпсіздігі (қорғалуы).

Директорлар кеңесі бекіткен, ІАҚ аудиторлық тексерулер жоспарына сәйкес аудиттер жүргізіледі, оның аясында бизнес-процестерді, тәуекелдерді басқару және бақылау ортасын жақсарту бойынша аудиторлық ұйымдарға ұсыныстар жасалады.

Тексерулер нәтижелері бойынша Биржа Басқармасы ІАҚ ұсыныстарын орындауға бағытталған іс-шаралар жоспарын қарайды және бекітеді.

Есептік жылда осындай жоспарлар ІАҚ әр инспекциясының нәтижелері бойынша қаралды және бекітілді. Басқарма жоспарлардың толықтығы мен уақытылы орындалуын, сондай-ақ KASE ресурстарын тиімді пайдалану үшін жоспарланған міндеттердің басымдылығын үнемі қадағалап отырады.

Сондай-ақ ІАҚ осы жоспарлардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізіп, Аудит жөніндегі комитет пен Директорлар кеңесіне тиісті тұжырымдамалар ұсынады.