ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2019

Негізгі
Ақпарат

Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) - қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес биржалық қызметтердің толық спектрін ұсынатын жоғары технологиялық сауда-саттық алаңы.

Биржаның көп функционалдылығының арқасында қазақстандық компанияларға, жергілікті және халықаралық инвесторларға акциялармен, корпоративтік және мемлекеттік облигациялармен, шетел валюталарымен, ақша нарығындағы құралдармен және фьючерстермен сауда жасау мүмкіндігі беріледі.

Биржа келесі лицензиялар негізінде жұмыс істейді:

1. бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға құқық беретін, 2012 жылдың 19 шілдесіндегі № 4.2.3/1 лицензия: — бағалы қағаздармен және басқа да қаржы құралдарымен сауда- саттықты ұйымдастыру; бағалы қағаздармен және басқа да қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру; — бағалы қағаздар нарығындағы қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша клирингілік қызмет;

2. ұлттық және шетел валюталарымен банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензияның 2020 жылдың 30 қаңтарындағы № 4.3.8. (заңнамадағы өзгерістерге байланысты 2018 жылдың 05 қыркүйегіндегі № 4.3.8 ұлттық және шетелдік валютада банктік операцияларда жүргізуге берілген лицензия қайта рәсімделді).

KASE қазіргі заманғы сенімділік, қауіпсіздік және бизнес үздіксіз стандарттарына сәйкес келетін сауда, клиринг және есеп айырысу жүйелеріне ие. 2012 жылдан бастап Биржа туынды құралдар нарығында, 2018 жылдың 01 қазанынан бастап – валюта нарығында орталық контрагент функциясын атқарады.

2019 жылдың желтоқсанында Биржа қаржы құралдарымен сауда-саттықты қолданыстағы сауда жүйесінен ASTS+ сауда және клиринг жүйесіне кезең-кезеңімен ауыстырып, Мәскеу биржасының (MOEX) сауда және клиринг жүйесінің негізінде жасалған жаңа жүйеде сауда-саттығы ашылған қаржы құралдарына арналған орталық контрагенттің функцияларын орындай бастады. Бірінші кезеңде ASTS+ АҚШ долларымен номинацияланған акциялармен облигациялармен, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарымен, Қазақстан Республикасының халықаралық облигацияларымен, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарымен, туынды бағалы қағаздармен сауда-саттық ашты. Орталық контрагент қызметтерін көрсетумен, биржалық нарықтың басқа да қаржы құралдарымен сауда-саттықты жаңа жүйеге ауыстыру 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында жоспарланған.

KASE нақты уақыт тәртіптемесіндегі ақпараттарды, мұрағаттық және анықтамалық ақпараттарды қоса алғанда, көптеген ақпараттық өнімдерді ұсынады.

KASE бәсекелестерден негізгі артықшылықтары:

— нарықтың әмбебаптығы, өйткені бизнесті әртараптандыру әр түрлі кезеңдерде нарық қатысушылары қаржы құралдарының әр түрлі кластарын қажет ететін экономикалық циклдардың ауытқуларынан тұрақты өтуіне көмектеседі; — тәжірибелі және кәсіби қызметкерлер; — биржалық нарықта ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын жеке корреспонденттік желінің бар болуы; — клирингілік қызметті жүзеге асыруға және шетел валюталары, бағалы қағаздар және туынды қаржы құралдары нарықтарында клирингілік қызмет көрсетуге лицензияның бар болуы; — Т+2 сауда-саттық және клирингілік циклдың бар болуы, бұл шетелдік инвесторлар үшін нарыққа шығуды жеңілдетеді; — әр түрлі уақыт белдеулері бар аймақтардан қатысушыларға сауда- саттыққа қол жеткізу үшін ұзартылған сауда-саттық сессиялары;