ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2019

ОҚИҒАЛАР
ХРОНОЛОГИЯСЫ

ҚАҢТАР

17 қаңтар

KASE 25-жылдығына орай шығарылған және KASE және Қазақстанның қаржы нарығы тарихына арналған кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап үш тілде шықты.

29 қаңтар

KASE және Мәскеу биржасының арасында жасалған стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру аясында KASE 32,360 акциясын сату туралы келісім жасады. Осы мәміленің нәтижесінде Биржа капиталындағы MOEX үлесі орналастырылған акциялардың 3,32 % құрады.

АҚПАН

18 ақпан

ақша нарығында қатысушыларға өтімділікті басқарудың қосымша құралы – мерзімі бір апта, бір ай және үш ай валюталық свопқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жаңа құралдар енгізілді.

19 ақпан

2018 жылдың қорытындысы бойынша биржаның ең көзге түскен мүшелерін, листингілік компаниялар мен БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Әр түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар атанды: “Фридом Финанс” АҚ, "Қазақстан Халық жинақ банкі”, “Казкоммерц Секьюритиз” АҚ (“Казкоммерцбанк” еншілес ұйымы), “Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы “Halyk Finance” АҚ, “SkyBridge Invest” АҚ, “Ситибанк Қазақстан” АҚ, “Қазақстанның Даму Банкі”, “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы" АҚ және “ҚазТрансОйл” АҚ. БАҚ арасында “Курсив” газеті, forbes.kz интернет-cайты, “LS TV” агенттігі марапатталды.

26 ақпан

Биржа "Даму" Қорымен және “Атамекен" ҰКП бірлесіп, компаниялардың меншік иелері мен басқарушыларына, даму институттары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне бағалы қағаздар нарығының құрылымы мен құралдары туралы ақпарат беру мақсатында "Қор нарығының негіздері" атты семинар өткізді.

НАУРЫЗ

05 наурыз

Нұр-Сұлтан қаласында "Қазақстан қор биржасында қаржыландыру тартудың мүмкіндіктері" тақырыбында "Дөңгелек үстел" өтті. Бұл іс-шара жыл барысында Қазақстанның әртүрлі аймақтарында өткізілген бірқатар іс-шаралардың алғашқысы болды, олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншік иелері мен басшыларына бағалы қағаздар нарығындағы қаржыландыру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беруге бағытталған.

07 наурыз

Биржа Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" Құрылымымен, Дүниежүзілік банкпен және IFC бірлесіп, UN SSE бастамасы аясында гендерлік теңдік бойынша сауда-саттықтың ашылу рәсімін өткізді. Іс-шара Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған және гендерлік теңдікті, әйелдердің мүмкіндіктері мен экономикалық мүмкіндіктерін алға тарту маңыздылығын атап өтуге арналған.

19 наурыз

Биржа сайтында "Investor Relations: инвесторлармен тиімді байланыс" семинары ұйымдастырылып өткізілді, оның барысында IR сарапшылары қатысушылармен инвесторлармен және басқа мүдделі тараптармен тиімді өзара әрекеттесу құралдары туралы ақпаратпен бөлісті.

28 наурыз

Алматыда "Қазақстан қор биржасында қаржыландыру тартудың мүмкіндіктері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

СӘУІР

04 сәуір

Мәскеуде биржа мүшелері болып табылатын банктер мен брокерлік компанияларға арналған, оларды MOEX технологиялық шешімдерінің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында шара өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға сауда-саттық және клиринг жүйелерінің, биржалық өнімдердің және биржалық нарықта қолдануға жоспарланған MOEX сауда-саттықтан кейінгі қызметтері туралы толық ақпарат алынды. Қатысушылар сонымен қатар Ресей қор нарығының жұмыс істеуін егжей-тегжейлі зерделеуге мүмкіндік алды.

10 сәуір

Атырау облысында Биржа "Қазақстан қор биржасында қаржыландыру тартудың мүмкіндіктері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

19 сәуір

Биржа алаңында "Эмитент күні" өтті, оның аясында "KEGOC" АҚ басшылығының акционерлермен, инвесторлармен, нарықтың кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен компанияның 2018 жылғы қызметінің қорытындыларына арналған жиналысы өтті.

24 сәуір

"Refinitiv Day on KASE: инвесторлар мен эмитенттер арасындағы қатынастар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Refinitiv компаниясының өкілдері және Биржа қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелде корпоративтік талдау, тұрақты дамудың рөлін арттыру және ESG критерийлері бойынша есеп құрастыру мәселелері талқыланды.

МАМЫР

16-17 мамыр

Нұр-Сұлтан қаласында "Рухтандырылған өсу: адамдар, қалалар, экономикалар" тақырыбына XII Астаналық экономикалық форум (АЭФ) өтіп жатыр. АЭФ аясында "Қазақстан қор биржасы" АҚ Басқармасының Төрайымы Алина Алдамберген модератор болған, "Экономикалдағы бөлшек инвесторлық атқаратын рөлі" сессиясы болып өтті.

20–23 мамыр

Биржа Қытай Халық банкінің қолдауымен Қытай Халық банкінің еншілес банкі АҚ-мен бірлесіп "Тығыз ынтымақтастықтағы сәтті болашақ: Қытай Халық банкінің қолдауымен Қазақстан Республикасы мен ҚХР ұлттық валюталарындағы трансшекаралық есеп айырысулар" тақырыбында конференция өткізді. Іс-шара барысында тікелей айырбастау және теңге мен юань бойынша тікелей есеп айырысу мәселелері қозғалды.

29 мамыр

Биржа алаңында "Даму" қорының қолдауымен жергілікті бөлшек инвесторлар үшін "Бағалы қағаздар нарығында қалай сауда жасау керек" атты семинар өтті. Іс-шара аясында "Қаржылық дегустация" интерактивті ойыны өтті.

МАУСЫМ

12 маусым

Биржа қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Astana Mining & Metallurgy" Х тау-кен металлургиялық конгресіне қатысты, оның аясында басқа да салалық және аймақтық ісшараларға қатысып, Биржа қызметкерлері қатысушыларға қор нарығы құралдары арқылы қаржыландыру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.

25 маусым

Биржа өкілдері Қарағанды қаласында өткен "Mining Week Kazakhstan 2019" тау-кен металлургиялық кешеніне арналған технологиялар мен жабдықтардың халықаралық көрмесіне қатысты.

27 маусым

Биржа "Эмитент Күнін" өткізді, оның аясында IFC Лондондағы бас кеңсесінің қазынашылық басқармасы мен IFC Қазақстандағы өкілдігінің басшысы мен инвесторлармен және Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен кездесу өтті.

28 маусым

Биржа "Uchet.kz" ЖШС компаниясымен бірлесіп, қазақстандық компаниялардың қаржы департаменттері қызметкерлеріне қор нарығы мәселелері бойынша интернет-тренинг өткізді.

ШІЛДЕ

01 шілде

шетел валюталарымен сауда-саттық жасау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Сауда-саттық күнінің ұзақтығы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-ге дейін ұзартылды. Шетел валюталарының сауда-саттығы бірыңғай сессия аясында, USDKZT_TOM бойынша аралық бағамның сағат 11:00-де тиянақталуымен, жүзеге асырылады.

10 шілде

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ купондық облигацияларын жоспарлы орналастыру аясында Биржа "Эмитент күнін" өткізді, осы шара барысында Банк Басқармасының Төрағасы Л.Е. Ибрагимова өтті әлеуетті инвесторлармен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен кездесті.

ҚЫРКҮЙЕК

05 қыркүйек

"Эмитент күні" өтті, оның барысында "KEGOC" АҚ Басқарма Төрағасы Б. Қажиевтің инвесторлармен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен кездесуі өтті. Шараға қатысушылар компанияның 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелерімен танысты.

11 қыркүйек

KASE мен "Ташкент" Республикалық қор биржасы" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Биржа "KASE DAY in Tashkent" іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында Биржа қатысушыларды қазақстандық қор нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларымен, KASE қаржы құралдары мен қызметтері, өзбек компаниялары үшін Қазақстан қор биржасында капитал тартудың шарттарымен таныстырды.

18 қыркүйек

Биржаның өкілі Алматыдағы "Mining and Metals Central Asia 2019" Орталық Азиялық халықаралық көрмесінде баяндама жасады.

19 қыркүйек

Шымкент қаласында Шымкент қаласы және Түркістан облысы әкімдіктері, Түркістан облысының “Атамекен" ҰКП, "Даму" қоры және аймақтағы ірі кәсіпорындардың басшыларының қатысуымен іскерлік таңғы ас берілді. Бизнес-таңғы ас аясында Биржа БАҚ өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Іс-шарада қатысушылар Биржа стратегиясының негізгі бағыттарымен танысты, жаңа өнімдер мен трендтерді талқылады, Қазақстанның қор нарығында бизнес ашатын жаңа мүмкіндіктер туралы білді.

19 қыркүйек

Биржа "БҰҰ Әйелдер" Құрылымымен бірлесе отырып, "2030 жылға дейінгі кезеңге тұрақты дамудың аясында Күн тәртібінің мақсаттарымен байланысты гендерлік мақсаттарды іске асыру аясындағы әйелдерге бизнесте құқытар мен мүмкіндік беру қағидалары" атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

25 қыркүйек

Нұр-Сұлтан қаласында "Қазақстан қор биржасында қаржыландыруды тартудың мүмкіндіктері" атты дөңгелек үстел өтті.

25 қыркүйек

Ақтөбе облысында "Қазпочта" АҚ филиалдары мен клиенттері үшін "Биржа өнімдері мен қызметтері" тақырыбында семинар өтті.

26 қыркүйек

Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысының және Ақтөбе қаласының кәсіпкерлері мен биржаның серіктестері үшін "KASE Day in Aktobe" іскери таңғы асы өтті. Бизнес- таңғы ас аясында БАҚ өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті.

30 қыркүйек

бастап USD/KZT валюталық жұбына қатысты мерзімі алты ай және бір жыл валюталық своп операциялары бойынша сауда-саттықтар ашылды.

ҚАЗАН

04 қазан

Биржаның өкілі Талдықорған қаласындағы "Жетісу Инвест 2019" халықаралық инвестициялық форумында "Инвестициялық кірістіліктің тиімді бизнес-құралдары" панельдік сессиясында баяндама жасады.

04 қазан

World Investor Week (Дүниежүзілік инвесторлар апталығы) деп аталатын IOSCO ғаламдық бастамасы аясында қор биржасындағы бөлшек инвесторлар арасындағы конкурстың жеңімпазы деп жариялануына орай ұйымдастырылған шарада Биржа "Ring the Bell for Financial Literacy" рәсімін өткізді. Аталған іс-шара қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру және халықтың барлық топтары үшін қаржылық қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтуге арналған.

08 қазан

Сингапурде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жылжылдық жиналысы, содан кейін "IOMA: WFE’s 36th Clearing & Derivatives Conference 2019" атты клиринг және деривативтер конференциясы және WFE жұмыс комитетінің отырысы болып өтті. Екі конференция барысында Биржа өкілдері қазақстандық қор нарығының мәртебесі мен болашағы туралы баяндама жасады.

11 қазан

Биржа "Даму" қорының иелері, компания басшылары мен қызметкерлері үшін "Қор нарығының негіздері" семинарын өткізді.

15 қазан

бастап своп және репо операциялары арқылы Ұлттық Банктің ұлттық валютадағы өтімділігін қамтамасыз ету және алу мақсатында ақша нарығында қосымша сессия енгізілді, ол Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 17:00-ден 17:30-ға дейін өткізіледі.

21 және 22 қазан

Өскемен қаласында Биржа, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен, "KASE-де капиталды тарту" атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шарада KASE, "Фридом Финанс" АҚ және "Тау-Кен Самұрық” АҚ өкілдері сөз сөйледі. Биржа өкілдері қор нарығы арқылы қаржыландырудың құралдары туралы, бұл компанияға жоспарларды әзірлеу және іске асыру үшін капиталды ұлғайтуға мүмкіндік беретіні, сонымен бірге компанияның имиджін жақсартатыны, сонымен қатар оның клиенттер мен серіктестер арасындағы позициясын арттыратыны туралы айтты. Шараға Шығыс Қазақстан облысының Атамекен өңірлік кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдар мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

23 қазан

"Refinitiv" компаниясымен бірлесіп Экологиялылық, корпоративтік басқару және әлеуметтік жауапкершілік (ESG) қағидаттарына сәйкес ақпаратты ашу бойынша қоғамдық пікірталас өткізу мақсатында "ESG: жаңа шындық па, әлде хайп па?" атты дөңгелек үстел болып өтті.

21 және 22 қазан

Қостанай облысында "Қазақстан қор биржасында қаржыландыру тартудың мүмкіндіктері" тақырыбында дөңгелек үстел және "Қазпочта" АҚ филиалдары мен клиенттері үшін "Биржа өнімдері мен қызметтері" семинары өтті. Семинарда KASE өкілдері қаржы құралдарымен жұмыс туралы әңгіме қозғап, қатысушыларды Биржадағы қол жетімді құралдар жиынтығымен таныстырды.

25 қазан

Азиялық Даму Банкінің мемлекеттік қарызды басқаруды жетілдіру жобасына техникалық қолдау көрсету аясында АДБ сарапшылары мен қор нарығының кәсіби қатысушыларының қатысуымен "Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының ішкі нарығын дамыту келешегі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

ҚАРАША

05 қараша

"Беларуссиялық валюта-қор биржасы" ААҚ қолдауымен "KASE DAY in Minsk" акциясы өтті. Іс-шара қатысушыларды қазақстандық қор биржасының қазіргі жағдайы және даму перспективалары, KASE қаржы құралдары мен қызметтері, қазақстандық қор нарығында капиталды тарту шарттары туралы ақпараттандыруға бағытталған.

05 қараша

Павлодар облысында "Қазпочта" АҚ филиалдары мен клиенттері үшін "Қазақстан қор биржасында қаржыландыруды тарту мүмкіндіктері" тақырыбында "Дөңгелек үстел” және "Биржаның өнімдері мен қызметтері" семинары өтті. Іс-шара аясында биржадағы ресми БАҚ өкілдері үшін және биржаның ресми сайтында ақпаратпен жұмыс жасау үшін шағын семинар өткізілді.

06 қараша

Мәскеу биржасының көмегімен "KASE DAY in Moscow" акциясы болып өтті. Іс-шара қазақстандық қор нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы хабардар етуге бағытталған. Екі елдің кәсіби қатысушылары арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

12 қараша

Биржа алаңында қазақстандық университеттердің оқытушылары мен студенттеріне арналған "Қор нарығының негіздері" семинары өтті.

15 қараша

Ақмола облысында «Қазақстан қор биржасында қаржыландыру тартудың мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел және «Қазпочта» АҚ филиалдарының қызметкерлері мен клиенттері үшін «Биржаның өнімдері мен қызметтері» семинары өтті.

16 қараша

KASE "Капитал нарықтары. Мүмкіндіктер мен өсу нүктелері" конференциясы аясында Ұлттық Банк Қазақстан Қаржыгерлерінің Қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған "Қаржы нарығы және Қазақстан экономикасының нақты секторы" панельдік пікірталас өткізді.

19 қараша

Батыс Қазақстан облысында "Қазпочта" АҚ филиалдары мен клиенттері үшін "Қазақстан қор биржасында қаржыландыруды тарту мүмкіндіктері" тақырыбында "Дөңгелек үстел" және "Биржаның өнімдері мен қызметтері" семинары өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

21 қараша

Алматыда "KASE DAY in Almaty" іскери таңғы асы өтті. Қатысушыларға қор нарығының құралдары арқылы компаниялар үшін капитал тартудың тәсілдері туралы, қор нарығындағы жаңа өнімдердің артықшылықтарымен танысуға және сарапшылармен Қазақстан қор нарығының соңғы даму тенденцияларын талқылауға мүмкіндік берілді. Бизнес- таңғы ас Алматы әкімдігі басшылығының, Алматыдағы "Атамекен" ӨКП, "Даму" Қоры, алматылық кәсіпорындар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

26 қараша

Маңғыстау облысында "Қазақстан қор биржасында қаржыландыру тартудың мүмкіндіктері" тақырыбында дөңгелек үстел және "Қазпочта" АҚ филиалдары мен клиенттері үшін "Биржаның өнімдері мен қызметтері" семинары өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының Атамекен ӨКП, жергілікті атқарушы органдар мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

ЖЕЛТОҚСАН

03 желтоқсан

KASE қор биржасында Мәскеу биржасының сауда-саттық және клиринг жүйесі негізінде жасалған ASTS+ сауда-саттық және клиринг жүйесі енгізілді. Дәл сол күннен бастап KASE сауда-саттықтары жаңа сауда жүйесінде ашылған қаржы құралдары бойынша орталық контрагенттің функцияларын орындай бастады.

05 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Citibank N.A. бірлескен шара өтті. "Kazakhstan: Local Markets Development". Іс-шара барысында Биржа шетелдік институционалды инвесторларға қазақстандық қор нарығының әлеуеті және оған рұқсаттаманы қалай алуға болатындығы туралы хабарлады.

05 желтоқсан

Биржа алаңында "Даму" қорының қолдауымен жергілікті бөлшек инвесторлар үшін "Бағалы қағаздар нарығында қалай сауда жасау керек" атты семинар өтті. Биржаның және брокерлік ұйымдардың қызметкерлері сөз сөйледі

12 желтоқсан

Нұр-Сұлтанда "KASE DAY in Nur-Sultan" іскери таңғы асы өтті. Іс-шара барысында Биржа басшылығы 2019–2021 жылдарға арналған Даму стратегиясының негізгі бағыттары, жаңа өнімдер мен қызметтер, қаржы нарығындағы тенденциялар туралы баяндамалар жасады, сондай-ақ қор биржасында жаңа сауда және клиринг жүйесі мен орталық контрагенттің іске қосылуы туралы ақпарат берді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Нұр-Сұлтан әкімдігінің басшылығы, ұлттық басқарушы холдинг құрамына кіретін ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері және ірі жеке компаниялардың басшылары қатысты.

20 желтоқсан

Биржада "Корпоративтік басқарудағы ішкі аудиттің рөлі" атты дөңгелек үстел өтті, онда Ішкі аудиторлар институтының өкілдері және ірі компаниялардың ішкі аудиттерінің өкілдері листингілік компаниялардың өкілдері мен нарықтың кәсіби қатысушыларына көпшілік компанияларда жаңашылдықтар, халықаралық стандарттар және осы қызметтің артықшылықтары туралы айтып берді.